БЕКЕТ

айтып салып, бір жеңілденейінші деп саған келсем, командировкаға кетіп қалыпсың, Сайыпназар. Сонан соң үйге келдім де, сырқат адамша сұлық түсіп жатып қалдым. Қараңғы үйде шалқамнан түсіп, сонау мектептегі өмірден бастап, бүгінге шейін көз алдыма елестетіп өттім. Бекеттің өмірі аянышты екен ғой! Екеуміз бір анадан тусақ та мына дүние меншігінен тең бөліп ала алмаппыз. «Жоқ, кету керек, кеткенде де біржолата кету керек», —дедім күбірлеп. — Не деп сандырақтап жатырсың, Нұркен, сен науқас емеспісің? — деп үрейлене сұрады Гүлмира. — Жоқ, Менің науқастығым ештеңе етпес еді-ау! Бекет ауырыпты ғой. Кету керек, Гүлмира. Бекетім ауырыпты! — Қайда, не деп жатсың сен?! — Ағама! — Не дейсің, сенің ағаң бар ма еді?! — Ия, ия. Хат содан келіпті. — Ал оны сен менен неге жасырып келдің? — Ол көп жәйт, Гүлмираш, кейін бір айтып берермін. — Жоқ, қазір айтшы? Оған бәрін де айтып бердім. Ертеңіне директорға арыз бердім де, екі күннен соң ауылға асығыс жүріп кеттім. Гүлмира екеуміз ауылға таянғанда күн кешкіріп бара жатыр еді. Ымырт жабыла үйге де жеттік. Баяғы жас шыбықтар үлкен-үлкен ағаш болып, бұтақтарымен үйді көме түсіпті. Кешқұрым ұясына қонақтап жатқан құстар тұс-тұстан бейтарап шуылдайды. Үйге кірсек, Бекет кереует үстінде сұлық түсіп жатыр екен. Бекеттен айнымайтын екі бала төр жақта ойнап жүр. Бірі былдырлап, көкесінің көрпесін тартқылайды. Ішім жылып, елжіреп, кеттім де, оны көтеріп алып, жылағанына да қарамай бетінен сүйе бердім, сүйе бердім. Осы кезде даладан Зағида кіріп келді де, мені көріп қолындағы шәйнегі жерге түсіп кетіп, күл-талқаны шықты. Жылаған бала мен сынған шәйнектің дауысынан Бекет оянып, ақырын көзін ашты да, мені тани кетіп, орнынан сау адамдай атып тұрып, кеудеме бар салмағымен құлай кетті. — Көкешім, келдің бе, келдің бе маған, ұмытпапсың ғой ағаңды… — деп ол мені қыса түсті де, буыны босап құлай берді. — Ағам, ағатайым, не болды, ашшы көзіңді, мен біржола келдім ғой саған! — деп оның жүдеу бетінен сүйе бердім. Есік жақта үнсіз тұрған Зағида да жүгіріп келіп оны орнына жатқызуға көмектесіп жатыр. Бекет боп-боз боп, анда-санда бір дем алады. — Бекет, тұршы, сөйлеші! — деп оның арық беттерін сипалап жатырмын. Әлден уақыттан соң ол көзін ашты да, маған қарап: — Мен өлмеймін, Нұркен, қорықпа, сен келдің ғой, мен сауығып кетемін. Гүлмира қайда, келсінші! Мен Гүлмираға ақырын иек қақтым. Ол Бекеттің қасына барып отырды да: — Біз сізді іздеп келдік, енді сауығып кетесіз, ертең-ақ сауығасыз… — деді оның тамырлары адырайған алақандарын сипалап. — Рахмет, қалқам, рахмет. — Сендерді де көрдім ғой, — деп ол Гүлмираның қолынан жай

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21