БЕКЕТ

күрсіне үйге кіріп кетті. Дәл қазір апамның не ойлағанын білмесем де, әйтеуір ол кісіге жаным ашып кетті. Апам біраздан соң далаға шығып: — Анау келе ме, келмей ме? Аштан өледі ғой, бар, біліп келші, — деді. — Бардым. Қуып жіберді. — Сол жерде түнемекші ме? — Қайдам, «келмеймін», — дейді. Сонан соң апамның өзі солай қарай жүрді. Бекеттің қасына ол кісінің қалай барғанын да, оның қолынан сүйреп, әлдене деп ұрысқанын да мен тамға сүйеулі саты үстінде отырып көріп тұрмын. Бірнеше минуттан соң олар үйге келді. Бекеттің қабағы баяғысынша түнеріңкі. Әйтеуір осы түнде апам екеуміз қанша тартқыласақ та, Бекетті тілге келтіріп, иліктіре алмай-ақ қойдық. Япыр-ай, шыдамдысы-ай, біз ұйқыға кеткенше су да ұрттаған жоқ. Таңертең қарасам, дәуітті тастапты да, сумканы алып сабаққа кетіп қалыпты. — Бекет тамақ ішті ме? — дедім апама. — Жоқ. Сөмкесіне нан салсам да лақтырып тастап кетті. Оған ере көрме, шырағым, қайдам оның кім боларын, — деп апам бір күрсінді. Таңертеңгі тамақты ішіп болған соң апамды осындай кезде жалғыз тастап кеткім келмей тұрса да, қойныма жарты таба нанды қысып алып, Бекеттің соңынан мектепке тартып кеттім. Тай-құлындай тебісіп бірге өскендіктен бе, шындығында да мен оны тым-ақ тәуір көретін едім. Қойшы әйтеуір, Бекет тамақты ертең кешке барып бір-ақ ішті. Осы кезге шейін оның көзі кіртиіп, жағы суалып-ақ қалыпты. «Сұмдық-ай, неткен мінез, — деймін оның тамақты қалай қарбытып жеп отырғанынан көз алмай, — Соншалықты қатыгез болмасаң қайтеді. Ақыры ол да жадырап, үйдің ішіне бір жылылық енгендей болды. Осылайша күн артынан күн өтіп, біз бесінші класты да бітіруге таяндық. Бір күні сабақтан келсек, апам қатты науқастанып қалыпты. Сөйтсе де оны-мұны тамақтарын дайындап, төсекте ыңқылдап жатыр екен. Апам бұрын да осылай жиі сырқаттанып қалатын да, сәл айықса жатпайтын, тұрып кететін. Осындай кездерде от жағып, су әкелетін мен едім де, Бекет күшігіне тамақ, ешкіге жем беріп, есектердің астын тазалап жүретін. Бүгін де тап солай апамның сырқатына көп көңіл бөлмей, Бекет екеуміз ойнауға кетіп қалдық. Кешке қайтып келсек, апамның сырқаты бұрынғысынан да күшейе түсіпті. Кеш болған соң Бекет әдеттегісінше жастыққа басы тие салысымен-ақ қор ете түсті де, мен түн жарымына шейін көз іле алмадым. Балаларды үрейлендіре бермейінші дейді-ау, апам қанша қиналса да, ернін тістеп алып анда-санда бір «уһлейді». Көрші үйдің келін болып түскеніне бір-ақ жыл болған Ләтифа дейтін әйелі бар-тын. Бишараның күйеуі осыдан бір-екі ай бұрын ғана қайтыс болып, көкіректі қарс айырған қайғысы енді ғана серпіліп, әйтсе де талабы көп жас өмірдің шешімін таба алмай, кей кезде біздің апаммен ұзақ түнге әңгімелесіп отыратын. Бүгін де

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21