МАЗАСЫЗ КҮНДЕР

ғашық қызымен тұңғыш жолығып тұрған ұялшақ жігіттей, мұнан әрі қарай сөзді неден бастауды, онымен арамызда жаңа пайда болған тәтті бір қатынасты қалпына қалай келтіруді білмей, қатты қиналдым. Және де оның қызы жайлы, денсаулығы, күнделікті тұрмысы жайлы тәптіштеп сұрай беруім, көп қайталанып кісіні мезі еткен жылусыз құр қамқорси беру болып шығар деп те сескендім. Оның үстіне мен оған кіммін? Бейтаныс біреумін ғой. Басымды шырмаған осындай ойға малтығып, жан-жағымды қанша қарбансам да, Мәрияны жадыратып жіберердей жөні дұрыс бірде-бір сөз таба алмадым. Күздің қоңыр желі ызың етіп, ағаш басын сыбдырға бөледі. Жерге шашылған сары жапырақтар бірін-бірі қуалап, арықтағы ағын суға түсіп жатыр. Мәрияның жұқа шайы орамалын жел жұлқылап, бірде иығына, бірде алдына түсіреді. Сөзді неден бастарымды білмей мен көпке дейін үнсіз қалдым. Тәртіпсіздігі үшін ұстаз алдында жауап беріп тұрған оқушы тәрізді сипақтай беруден өзімнен-өзім қысылып, мұндай қолайсыздықтан ертерек құтылу үшін оған «қош, сау бол» айтсам ба екен деп те ойладым. Бірақ оның қасынан кеткім келмеді. Әр минут өткен сайын қолайсыздана түстім. Аяғымнан өрмелеген сансыз құмырсқа тұла бойымды аралап жүргендей, денем шымырлап барады. Мүмкін ол өз сезімімнің алдамшы әсері шығар, мүмкін, кіріп-шығып жүрген дәрігерлердің біз жаққа қызыға да таңдана қарауынан туған қысылуым шығар мүмкін… мүмкін, Мәрияның оқтын-оқтын жалт етіп, өзімді шарпып өтетін мөлдір қара көздерінен туған, ешкімге де, тіпті, өзіме де белгісіз әлдеқалай бір рахат сезімдердің әлдиі болар… Ақыры мен ойымды «кетейін» деп шештім. Немесе «бұл неге үнсіз тұр» деп әрқайсымыз іштей арбасып, іштей ренжісіп қалармыз. Қалтамнан темекі алып тұтатып, сіріңке шиін шалшық суға лақтырып жібердім. «Ал, Мәрия, сау болыңыз» — дегелі оқтала бергенімде, менің нендей нәрсеге дайындалып тұрғанымды күн ілгері сезгендей: «Мен сізді үйіңізге іздеп барып едім» деді ол төмен қараған күйі естілер-естілмес. — Қалай?.. Сіз мені іздедіңіз бе? — Иә. — Не үшін? Ол басын көтеріп алып, маған тесіле қарады. Бұл — онымен жүздесіп тұрғалы бері Мәрияның өзіме тұңғыш рет осылайша көз тоқтатып қарауы болатын. Оның көздері қандай отты еді, қандай өткір еді! Жалаңаш кеудеме найза қадалғандай, денем дір етіп, көз алдымдағы дүние бір сәтке бұлдырап кетті. — Не үшін екенін бүгін сізге айтуым керек. Сізден ешнәрсені де жасырғым келмейді. Міндеттімін, бәрін де айтуға міндеттімін, — деді ол көзін қайта төмен түсіріп. — Сіз неге міндетті боласыз? — Жай. Мүмкін, міндетті де емес шығармын, — деді олі иығын бүлк еткізіп. — Тек сіз мен жөнінде жаман пікірде қалмасаңыз… — О не дегеніңіз, Мәрия? Мен сіз туралы жаман ойласам… — Келмеген де болар едім дейсіз ғой. — Жо-жоқ, мүлде олай емес! — Енді

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45