МАЗАСЫЗ КҮНДЕР

Focus Mode

— Қаншалықты тез өткен және… қаншалықты ұзақ. Тіпті, бір жыл болған сияқты». Кенеттен менің басыма жаңа бір ой жарқ етіп, ол ойымнан өзім шошып кеттім. Жастығым өртенгендей басымды жұлып алып, көтеріле бергенімде, өз салмағымды көтере алмаған қолдарымның дірілдеп бара жатқанын сездім. «Сонда… мен бүрсігүні… Құдай-ау, бүрсігүні қайтуға тиістімін бе? Қалайша… тез! Кемпірмен, Махамбековпен, ең соңында… Мәриямен біржола қоштасуым керек. Бір жолата! Бәлкім, мен оларды енді өмір бақи көрмеспін. Олар туралы ештеңе естімеспін де. Бүрсігүні сым тарту бітеді. Сол сияқты, менің Мәриямен арақатынасым да үзіледі. Сонан соң мен кетемін. Сонау Алматыға кетемін. Мен жөнінде ол, ол жөнінде мен естімеймін. Мүмкін, мен туралы ол ойламас!» «Жо-жо, мен кетпеймін, қаламын. Ең болмаса он күн. Сонан соң ар жағын… Тіпті болмаса, он күн. Оған шейін Мәрияның қызы жазылар. Мына күйінде оны тастап кетуге… Жо-жо, ол болмайды, кетпеуім керек, ол мейірімсіздік! Қазір, дәл қазір қайтадан қалаға, почтаға тартуым керек. Алматыға телеграмма беремін. Он күн сұраймын. Он-ақ күн. Ол тілегімді қабылдайтын шығар. Қазір тез!» Мен сағатыма қарадым. Таңғы төрт жарым. Орнымнан атып тұрып, жылдам-жылдам Киіне бастадым. «Ал, Әлиса ше, олар да сарыла күтіп отыр ғой». «Ештеңе етпейді. Оған да он күннен соң барамын деп телеграмма саламын». Мен вагонды селкілдетіп жібермес үшін аяғымнын ұшымен басып сыртқа шықтым… Алматыға телеграмма беріп қайта келгенімде, таң атып, ай-жай болып қалған еді. Бірақ менің келгенімді де, кеткенімді де вагондағылардың ешқайсысы білген жоқ. Олардың бәрі де сол баяғы мен келгендегідей тәтті ұйқыда қимылсыз жатыр… Махамбеков сол күні кешке оралды. Оның қабағы бұрынғыдан да тұнжыр, тіпті, түтігіп кеткен сияқты. Өйтіп-бүйтіп хал-жайын сұрағандарға ләм деп тіл қатпаған соң, мен де оның мазасын алғым келмеді. Әрі, «бұларға айтпасаң, маған айтарсың, олар олар да, мен менмін ғой» деген сияқты болмайын деп, Захаровпен ойнап отырған шахматымды жалғастыра бердім. Махамбеков байыз тауып купесінде отыра алмай, ұзынша коридорда ерсілі-қарсылы жүр. Кей кезде дәл біз отырған жерге келеді де, тық-тық басып, кері қайтады. Оның аяғының осы тықылынан назарымды алмай, мен үнсіз отырмын. Ол тықылдар өз иесінің ішкі дүниесіндегі аласапыран өзгерісті минут сайын маған жеткізіп тұрғандай еді. — О, сіз көп ойлана бермеңіз. Мен ұтылсам да ойланбаймын ғой осы, — деп қояды Захаров анда-санда. Жүріп қоямын да, әлгі дыбыстардың тағы да қандай жаңалықты жар салып тұрғанын зерттей түспек болғандай сыртқа құлақ тосамын. «Тық-тық, тық-тық». Кейде алыстай түседі, кейде жақындайды. «Мүмкін, ол қызымен келіспей қалған шығар, –деп ойладым. — Немесе, мұншалықты күйінетін оған басқа қандай жағдай бар? Әлде, әйелі жөнінде ойлана ма екен». Бір кезде Захаров орнынан айқайлай көтерілді. Оның қатты айқайлағаны

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45