қорқынышты болып көрінген әйел осы болды ғой. Мен тұрған бөлмеде кемпір тысыр-тұсыр еткізіп әлденелерді реттеп жатыр екен. Кіріп келгенімде, қашанда сасқалақтап қалатын ол, бұл жолы да сол әдетінен танбай, мұрнының ұшындағы терін жеңімен сүртіп жіберіп: — Міне, сізге жазу жазатын үстел әкеп… — деді күлімсіреп. — Бұрын керек болмаған соң шығарып қойып едім. Өзі де зілдей екен, жүдә. –Шеше, — дедім оның сөзінің аяғын күтпестен. — Сіз мен үшін неге әбіржіп жүрсіз? Мұның бәрін өзім-ақ алатын едім ғой. Кемпір таңдана қарады. — Құдай-ау, сонда сіз үстел көтермекшісіз бе?! — Көтерсе несі бар? — Қойыңыз… Сіз көтеріп… ал мен не бітірем? Маған осылайша күйбеңдеп жүргеннің өзі де қызық емес пе, құлыным-ау. Осыны сізге көтертіп! Сіз оны көтеруді де білмейсіз ғой. Мен еріксіз күліп жібердім. — Жоқ, шеше, мен бәріне де үйренгенмін, бәрін істей аламын. — Бәрін дейсіз бе? Бәрін болғанда қалай? Кәдімгідей. Бәрін. Стол қою, еден жуу, тамақ істеу, бала жұбату. –Астапыралла! — деді кемпір жағасын ұстап. — Сіздерге ондай нәрсені істеу күнә ғой. Құдай бетін аулақ қылсын оның! Кемпір қаншама таңданып, қаншама қарсы болғанымен сол күні кешкі асты әдейі мен дайындадым. Мен керогаз жағып, май күйдіріп, иісін көңірсіте пияз бен ет қуырып жатқанымда, кемпір таңданып өзімен-өзі сөйлеумен болды. «Құдай-ә, кешіре гөр, кешіре гөр мені», — деген сөздерді қайталай берді.
ІI
Жұмысқа кетерде де, келерде де қорған ішіне көз тастап өту маған әдетке айналып кеткендігі сондай, «осы жолы қарамай-ақ өтейінші» деп бекінсем де, мойын бұрып қойғанымды өзім де байқамай қалатын болдым. Бірақ ол жақтан осы кезге шейін бірде-бір ер адамның көзіме түспеуі мені таңдандыра бастады. Аула ішінде сол баяғы көрініс. Үстінде қашанда алаша жабулы тұратын қақпаның оң жағына орналасқан тандыр, оның маңында күннен-күнге таусылып бара жатқан жуан қарағай, тозығы жеткен ағаш кереует. Мен келгелі қорған ішіне енген жалғыз-ақ өзгеріс — соңғы күндері ол сәкінің үстінен қызыл ала көрпеше көрінбейтін болды. Әсте, сүмбіленің салқын түнінен қашып, олар далаға жатуды қойған болар. Осы үй маған күн асқан сайын тылсым дүниенің ордасындай болып көріне берді. Оның ішінде не болып жатқанын және сол кішкене сахнада қандай драмалар ойналып жатқанын бір көруге ынтыға түстім. Және де сол драмада босты роль атқарып жүрген анадағы жол-жөнекей «күйеуіне ерке болар» деп сырттай топшылаған әйелді анығырақ көргім келді. Тіпті, сәті түссе сөйлесу де артық болмас еді деп түйдім. Ақыры бір күні бүл тілегім де біршама орындалған тәрізді болды. Қашанғы әдетім бойынша жұмыстан қалжырап, үйге қайтып келе жаттым. «Сізбенен жеке сөйлесетін сөзім бар еді» –деп төте тілек білдірген соң, көкейімде күнделікті
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45