ҚАРАҢҒЫЛЫҚ (А.П. ЧЕХОВ)

айналдырып түнде армян әйелдің дүкенінен темекі ұрлауға алып кетеді. Ол ақымақ мастықпен көне кеткен. Олар келеді де, әлгіні, қалай еді, иә, құлыпты сындырады да, ал кеп ойрандайды ғой. Бәрін аудар-саудар ғып, терезені қиратады, ұнды шашады. Несін айтасың – мастың аты мас. Со кезде урядник те кеп қалады… үшеуін желкелеп отырып тергеушіге жеткізеді ғой. Бір жыл қамауда ұстап-ұстап келді де, осыдан бір жеті бұрын қалада сот болды. Мылтығын кезеп желкесінде солдат тұрады екен… халық та қара құрым. Олардың ішінде қылмысы ең азы Васька еді ғой, бірақ, сот мырзалар бәленің бәрін бастаушы сол деп тапты. Ана екеуін абаққа жауып, Васьканы үш жылға арестанттар ротасына жіберді. Сонда не үшін? Құдайылығын өзің айтшы! –Бұл араға да менің қатысым жоқ. Бастықтарға бар. –Мен оларда да болып шықтым. Сотқа да бардым, арыз берейін деп едім, арызымды алған да жоқ әуелі. Содан становойға, одан өтіп тергеушіге бардым, бәрінің айтатыны: «онда менің ісім жоқ» деген бір-ақ сөз. Сонда кімінің ісі? Бұл ауруханада сенен үлкен ешкім жоқ. Не істеймін десең, құрметті тақсыр, соны орындай аласың. –Ақымақ! – деді доктор күрсініп. –Сот үкім шығарды екен, оған губернаторың да, тіпті министрің де түк істей алмайды, бұ кеп қай-қайдағы становйды айтады ғой маған барып. Босқа әуре боп жүрсің! –Ал, соттаған кім сонда? –Заседатель мырзалар. –Қайдағы мырзалар! Өзіміздің-ақ мұжықтар еді ғой. Андрей Гурьев болған, Алешка Хук болған. –Әй, сенімен босқа бас қатырып тұратын жайым жоқ… Доктор қолын бір сілтеп есікке қолын созды. Кирила оның соңынан ілеспек боп орнынан қозғала беріп еді, есіктің сарт ете қалғанын көріп, мелшиіп тұрып қалды. Құлақшынын қолына ұстаған бойы ол аурухана ауласында он минуттай қимылсыз тұрды да, доктордың пәтірне қарап терең күрсінді, сөйтті де желкесін асықпай бір қасып алып, қақпаға қарай жылжыды. –Енді кімге барсам екен?–деді ол жолға түскен соң өзіне-өзі күбірлеп. – біреуі – бұл менің ісім емес дейді, екіншісі – мұнда менің шаруам жоқ дейді. Сонда бұл кімнің шаруасы? Әсте, біреуінің шекесін майламасаң іс бітпес-ау. Доктор сөйлеп тұрғанда екі көзін жұдырығымнан бір алмады ғой, салып алып сайдан бір-ақ шығарар ма екен деп қорықты білем. Ал, бәлем, көр де тұр, губернатордың тура өзінен шықпасам нағылдеген екенсің. Ол аяқтарын әрең дегенде ілби басып, қажеті болмаса да жан-жағына ауық-ауық қарап қойып, жолмен ілгері жылжи берді, шамасы, қайда бару керектігін ойлап келе жатса керек. Қарсы алдында, жарты шақырымдай жердегі төбеде осыдан аз ғана бұрын ағасын соттаған деревниялық шағын қалашық шашырай көрініп тұр. Оң жағында бұрыш-бұрышына қарауыл будкасы қойылған қызыл шатырлы абақты көзге ұрады, ал, сол жағын қырау көмген қалалық тоғай қоршап

Pages: 1 2 3 4 5