Баяғы заманда байлығы елден асқан атақты бір хан өмір сүріпті. Оның желден жүйрік тұлпары бар екен. Хан барлық қазына-байлығынан гөрі осы тұлпарын жақсы көреді екен. Сондықтан оны ұры-қарыдан сақтап, жер астына жасырып қоятын көрінеді. Перзент дегенде ханның 12-13 жасар жалғыз қызы ғана болыпты. Ол асқан сұлу боп туады. Жұрттың көзі тиеді деп қорыққан хан мен ханшайым оны да жан адамға көрсетпей жасырып өсіреді. Бір күні қыз кенеттен қатты ауырып төсек тартып жатып қалады. Жер-жерден ең күшті деген тәуіптер шақырылады. Бірақ, бәрі де қызды сырқатынан сауықтыра алмайды. Осындай бір күні хан сарайының алдына дуанаша киінген біреу келіп қызметшілерге: «Егер хан менің айтар амалыма қарсы болмаса, қызын жазып беремін» дейді. Қызметшілер мұны ханға жеткізеді. «Шақырыңдар, кірсін» дейді хан. Әлгі дуана хан алдына келіп: –Тақсыр, сіздің қызыңыздың сүйекке сіңген ауруы жоқ. Қызыңыз туа-туғалы бері сарайдан шықпаған. Оның ауруының себебі осы. Енді ол да дүниедегі ең жүйрік атқа мініп серуендесе ғана жазылады, –дейді. Хан оның сөзін мақұлдап, бәйгіге қосатын өрен жүйріктерді таңдата бастайды. Сол кезде әлгі дуанаша киінген адам: –Тақсыр, хан-екем! Бұл аттар жарамайды. Қызыңыз тек сіздің тұлпарыңызды мінсе ғана жазылады, –дейді. Хан аушуланып дуананы қуып жібереді. Бірақ дуаана қыздың шешесіне барып, әлгі айтқандарын айтады. «қызыңызды аман сақтағыңыз келсе, осылай етіңіз–деп жалбарынады. Қыз шешесі жылап-еңіреп тұлпарды бер деп күйеуінің аяғына жығылады. Бірақ перзентінен гөрі атын қымбат санайтын хан бұға көнбейді. Ақыры бір күні бәйбіше күйеуі ұйықтап жатқанда кілітті ұрлап алып, хан аңға кеткен кезде тұлпарды сыртқа шығарып ерттейді де, қызын атқа мінгізеді. Далаға шыққан соң қыздың бойы жадырап, сауығып қалғандай болады. Өйткені ол өмірінде далаға шықпаған еді. Қыз сарайдан ұзап, орман ішіне ене бергенде, баяғы дуанаша киініп келіп жүрген адам алдынан шығып қызды аударып тастайды да, тұлпарды мініп қаша жөнеледі. Лезде көзден ғайып болады. Қыз ебіл-дебіл боп жылап, болған уақиғаны айтып шешесіне келеді. Хан қаһарынан қорыққан екеуі не істерін білмей, жылап отырғанда, аңнан хан да қайтады. Тұлпарының қарақшы қолына түскенін естіген хан ашуға мініп, атты ерттеп бергендігі үшін әйелін үш күн бойы шашынан байлап, ағашқа асып қоюға әмір етеді де, қызын «атты таппай келме, таба алмасаң өлтіремін! деп үйінен қуып жібереді. Жас қыз тау-тасты кезіп, бірнеше күн сандалады. Арып-ашып, әбден қалжырайды. Атты таба алмай қатты торығады. Үйіне қайтуға әкесінен қорқады. Енді бұдан әріге жүре алмайтынын сезген жас қыз, алдынан кездескен ну орманның ішіне барып демалады. Түн болады. Жан-жағынаан қасқырлар ұлып, аюлар ақыра бастайды. Зәресі ұшқан қыз не істерін білмей кәрі еменнің қуысына кіріп еңіреп жылай береді, жылай береді. Көз жасы көл болады. Түн жарым
Pages: 1 2