кіріп еңіреп жылай береді, жылай береді. Көз жасы көл болады. Түн жарым ауғанда жылаған дауысты есітіп, оның қарсы алдына өзі көрмеген бір алып құс ұшып кеп қонады да: –Сен неге жылап отырсың?– деп сұрайды. Қыз болған уақиғаны айтып береді. –жылама,–дейді құс.–Мен осы ормандағы құс патшасымын. Саған қанат берейін. Тұлпарыңды жаяу таба алмассың,–дейді. Қыз оның айтқанын қуана қарсы алады. Таңға жуық ол кіп-кішкене құс боп ұша жөнеледі. Бірақ жер-дүниені қанша шарласа да тұлпарды іздеп таба алмайды. Әбден шаршаған қыз ретін тауып хан сарайына кіреді де, әкесінің бас жағына қонақтап отырып «Көке, ат жоқ! Деп дауыстайды. Келіп тұрған өз қызым екен деп ойлаған хан басын да көтермей: –Жоқ болса жоғал! Енді тұлпарсыз келсең басыңды аламын,– дейді. Қыз білдірмей ұша жөнеледі. Орман-тауды шарлап, шаршаған кезде тал басына қонақтап: «Көке, ат жоқ» деп айғайлай береді. Байқай қараңдаршы, орман көкегі «көкек, көкек» деп емес, «көке, ат жоқ, көке, ат жоқ» деп айғайлайды. Үйіне баруға әкесінен қорыққан қыз тұлпарды іздеп әлі күнге шейін орман кезіп жүрген көрінеді.