ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТШІСІ

— Ол жау қашанғы қашады, біздікі қашанғы қуады? Қанша алыс болса да, қашып тығылатын жеріне жететін кезі болған жоқ па? Әй, Ардақ, мүмкін сендер бізді алдап жүрген шығарсыңдар, а? Ардақ оған жалт қарап, одан көзін алмай ұзақ тұрып қалды. — Айтып болдың ба? — деді ол тентек шәкіртпен сөйлескен ұстаздай асқан байсалды дауыспен. — Болдым!.. Хадиша шектен асып кеткенін енді ұғып, жан-жағына қарады да, сілтідей тынып отырған жұртты көріп, солқылдап жылап жіберді. Ардақ әрі ызалана, әрі толқып тұрып: — Әйел жолдастар! — деді алақанын жайып, — езілмеңдер! Күйеулеріміз бен аға-інілерімізге, әкелерімізге оңай тиіп жатыр дейсіңдер ме? Оларға жанымыз ашыса, жұмыла жұмыс істегеніміз жөн. Бүгін түнде ешкім де үйіне қайтпайды! — Мына ақыреттей тамның ішінде қатып өлеміз ғой, — деді Мәнсия. — Қатсақ бірге қатамыз, — деді Ардақ жұлып алғандай жауап қатып. — Мен де осында болам. Әне, анау бұрыштан тесік жасап қойдық, балалар от жағып жатыр. Барып біртіндеп жылынып алыңдар. Осы кезде сырттан Ормантай кіріп келді. Жүзі түтігіп кеткен, қатты абыржулы. Олардың бәрі оған сұраулы пішінде үрейлене қарады. Ормантай қалтырай сөйледі. — Маслопромнан қайтып келе жатқан Зейнепті ұрылар тонап кетіпті. — Не дейді? — Тонағаны несі? — Ойбай-ау, өзі тірі ме екен? — деген дауыстар жан-жақтан анталай шықты. — Белгісіз. Өзі табылмады. Бос флягтары шашылып қапты, іздемеген жерім жоқ, — деді Ормантай күйініп. — Аттар да жоқ, шана да жоқ. Хайуандар!.. — Жау жағадан алғанда, бөрі етектен. Осындай кезде кісі тонап жүрген қандай қара жүрек екен десеңші! — Мұны айтқан баяғы жылауық Шәмсия. — Қолға түссе, мына отқа қақтар едім. Әй, нәлет-ай, — деп кіжінді Әкімбек қарт таяғымен жер соғып. — Шиеттей бала-шағасының обалына қалдым-ау.., — деп Ормантай бір сұмдықты бастай беріп еді, сырттан отын көтеріп кіріп келе жатқан Перизатты көріп сөзін кілт тыя қойды. — Ормантай көке, сіз бірдеңе дедіңіз бе? Менің мамам?.. Оған не болды? Менің мамам қайда? Апа-тай-ай!… — Сыртқа қарай жүгіре бергенде Хадиша ұстап қалды. Ормантай Перизатты құшақтап, шашынан сипады. — Мамаң келеді. Суыққа тоңған соң бір қойшының үйін паналаған шығар, — деп алдаусыратты. — Міне, жаңа ғана сенің көкеңнен хат келді. — Хат? Менің көкемнен бе? Көкешім менің. Көкешім! Қане? — Ол жылап тұрып қолына хатты алды. — Оқы! Оқы! Бәрімізге естіртіп оқы, — деді жұрт жан-жақтан жамырай сейлеп. Ол кезде хатты оңаша оқу деген болмайтын. Перизат көзінің жасын сүртіп, оқи бастады. «Алтыннан ардақты, күмістен салмақты аталар мен аналар, ағалар мен жеңгелер және де құлын-тайдай құлдыраған іні-қарындастар. Қалай, аман-есен, денсаулықтың арқасында жусанның жұпар иісі аңқыған

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39