саған баруға болмайды, — деді Ормантай күрсініп. — Неге болмайды? — Сол болмайды. — Неге болмайды деймін? Айт, неге болмайды? — Ормантай ойланып, ары-бері жүрді де, оның иығына қолын салып тұрып: — Бармайсың… Сен мұнда керексің, — деді. Демесін түкке түсінбей тұрып қалды. — Қ-қалай? — деді ол тұтығып. — Солай. Сен бар ғой… Сен… Сен біздің тыныштығымызды күзетесің. Түсіндің бе? Енді Демесін ойланып қалды. Сәлден соң жүзіне шырай кіре бастады. — Мен… мен керекпін бе? — Иә, керексің, ауылға фашистер мен ұры-қарыларды жібермеуді саған тапсырамыз. Сен тыныштық күзетшісі боласың. — Мен — тыныштық күзетшісі?! Мына мен? Жарайсың, бастық! Сен дүниедегі ең ақылды адамсың! Мен — тыныштық күзетшісі боламын! Иә, тыныштық күзетшісі! Олай болса маған ат бер. Ат керек маған! — Япыр-ай, ә… Ат жағы тапшы боп тұрғаны… — Маған ат керек. Маған ат керек деймін! Мен тыныштық күзетшісімін. Менің айтқанымды екі етуге қақыларың жоқ! Тыныштық бәрінен қымбат! — Ол есіріктеніп Ормантайға төніп кеп қап еді, ол Демесінді сабырлы дауыспен қайтадан сабасына түсірді. — Ақырма, батыр. Жарайды, бір ат табармыз. Ормантайдың жұмсақтығы мен жомарттығына ызаланып тұрған Ардақ шыдай алмай: — Қайдан табамыз? Кеше ғана екі атты ұрылар алып кетті ғой, — деп дауыстап жібергенін өзі де аңғармай қалды. Ормантай бұл сөзді естімегендей: — Менің атымды ал! Солай, есік алдында ерттеулі тұр. Мін де жүре бер, — деді екі ойлы боп тұрған Демесінге. — Неғып тұрсың состиып, бар дедім ғой. — Өзіңіз ше? — деді Демесін кенет таңғажайып парасаттылық танытып. — Мен… жаяу жүре тұрармын. Сен ала ғой. — Рахмет, рахмет саған! — Демесін оны тағы құшақтап сүйіп алды. — Болды, болды! Осы жақсы көргеніңе де ризамын. Атты ал да, ертерек жұмысыңа жөнел. Демесін есікке жете берді де, кенет қайта бұрылды. — Сонан соң, шана! — деді ол танауы делдиіп. Ормантайдың салы суға кетіп, не айтарын білмей тұрып қалды. — Пәшистерді ату үшін оқ-дәрі салып жүретін шана керек, білдің бе? Шана! Ардақ ашу-ызадан қалшылдап, кеңсе ішінде әрлі-берлі жүріп кетті. Ормантай болса не істерге білмей «шана, шана» деп өзінше сөйлеп жүр. — Немене, шана жоқ па? — деді Демесін ашуға басып. — Бар… Бар шана… — деді Ормантай, — біздің үйдің алдында тұрған менің бір кісілік шанамды ал. Саған сол лайық шығар. Демесін оны құшақтағалы бері қозғала бергенде, Ормантай шетке ысырылды. — Болды, болды. Құшақтамадың деп саған ренжімеспін. Бара ғой. — Жарайсың, бастық, жарайсың! Мен пәшистердің бірін қалдырмай қырамын, бәрін де. Бұл ауылға енді бір де бір пашист келмейтін болады. Келе қалса,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39