міне, былай жайратып салам, тра-тата-та-та… — Иә, иә. Солай, жайрат бәрін де! Демесін жүгіре басып, шығып кетті. — Ойбай-ау, тонап кетті ғой, тонап! — деді Ардақ жыларман халде. — Өзіміз адамнан ат, шапаннан шана жасап отырсақ, сіз оған бір ат пен бір шана бердіңіз де жібердіңіз. Керек болса, бұл шаруашылыққа жасаған қастандық. Диверсия! Иә, диверсия! Ауданнан келе жатқан өкілге мен солай деп түсіндірем. — Ай, ай, Ардақ-ай! Қалай деп түсіндірсең солай деп түсіндір, бірақ Демесін сендер ойлағандай жынды емес. Оның сен ойлағаннан гөрі мәні тереңірек. — Ойбай, Ореке-ау, бұл жерден қандай терең мән көріп тұрғаныңызды түсінсем бұйырмасын. Жындыға ат бер, қос ауыз мылтық, қолына бір дорба оқ бер. Мұнда қандай терең мән жатыр? Енді оған барып: «Кешіріңіз, жолдас жынды, айып болмаса, бізді жайратып атып тастасаңыз екен» деп айтуымыз ғана қалды ғой. — Сен әйел адамсың, әйелге қатыгездік жараспайды, тым қатты кетпе, Ардақ. — Сіздің жұмсақтығыңыздан тауып жүрген пайдамыз да шамалы, елдің естісі де, есері де бізді әбден басынып алған. Былтыр көктемгі жаңбырда құлап қалған мал қораны жаз бойы салып үлгере алмағанымыз да сіздің осы «мейірбан» мінезіңіздің кесірі. Сол «мейірбандығыңыздың» «рахатын» көріп, колхоздың ірі қара малын әр үйге қыстатып шығу үшін бөліп беріп отырмыз. Ертең сол малдарды қайта жинағанда жартысы жоқ боп шықса, қайтесіз? Жетім балалар мен жесір әйелдерді шырылдатып сотқа береміз бе? — Жоғалмас. Өздеріне қандай міндет жүктеліп отырғанын халық түсінеді ғой… — Әй, Ореке-ай! Сіз бейбітшіліктің адамысыз… Халыққа қақпай керек, онсыз олар бетімен кетеді. Ормантайдың қолы дірілдеп, кеудесін басып тұрып қалды. Оның сырқатының сырын білетін Ардақ жетіп келді. — Ореке, сізге не болды? Ардақ тым қатты кеткенін енді ұғып, пеш үстінде тұрған шәугімнен су құйып әкеп берді. Ормантай кеседегі суды шашыратып әрең дегенде бір-екі ұрттады. — Қиындықты көп көрген адам өзгенің жанын түсінгіш келеді, — деді ол судан тағы бір ұрттап. — Мен қиындықты көп көрдім. Дұрысын айтсам, қиындықтан басқа еш нәрсе көргенім жоқ. Жер бетінде тек қаталдық қана бар екен деп өстім… Мен… жастайымнан жетім қалдым. Күнұзақ нәр татпай, кешкілік аш жаттым. Мені ешкім де адам екен деп елеген жоқ. Және, мені адам екен деп ешкімнің елемеуі де заңды сияқты боп көрінетін. Шешем ерте қайтыс бопты… Әкем осы ауылға көшіп келген күні ертесіне сүзектен көз жұмды. Бізге сондай кезде қол ұшын берген осы Демесіннің әкесі болатын. Біз үйелмелі-сүйелмелі үш бала едік. Ең үлкені мен — сегізде едім. Өліп бара жатып, әкемнің кемсеңдеп үнсіз жылағаны әлі көз алдымда. Сол кездерді ойласам мен әлі күнге дейін көзіме жас алам. Майданға
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39