ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТШІСІ

аттанып бара жатқан сәтімде менің де соңымда ауру әйелім мен төрт балам қалды. Өліп бара жатқан әкемнің жан-дүниесіндегі азалы халді мен сол сәтте жете түсіндім. Ал сен болсаң мені қатал емессің деп кінәлайсың. Менің қатал болуға қақым жоқ… Қақым жоқ!.. — Кешіріңіз, Ореке… Ашу алқымнан алғанда сіздің денсаулығыңыз бен жасыңызды да ұмытып кетеміз. Әйтсе де, қайдағы бір делқұлыға бола қырғи қабақ боп жүргеніміз өкінішті-ақ. Ормантай Ардаққа бір қарап қойды. — Жарайды, қойдым, — деді ол шаршаған сыңай танытып. — Сонда да болса айтайын, сіздің демалғаныңыз жөн болар еді. Соғыс контузиясы бар, жастайыңыздан жоқшылықты көп көргенсіз… . Ормантай атып тұрды. — Жоқ, — деді ол айғайлап. — Олай деуге қалай дәтің барады? Майдан даласынан «Жеңіс» деген хабар келмейінше жан тыныштығын ойлауға қақым жоқ. Жалғыз мен ғана емес, ешкімнің де! Алпыс төрт пен қырық бес. Сол қырық бестен ешқайсысымыздың жанымыз артық емес!.. Ардаққа Ормантайдың соңғы сөзі ерекше әсер етті. «Алпыс төрт пен қырық бес» деген сандарды ол алғаш Демесіннен естіп еді, енді оны Ормантай қайталап тұр. — Ореке… айтыңызшы, алпыс төрт пен қырық бес деген не? Өткен жолы жынды Демесін де осылай деп шаба жөнелген. Ормантай Ардаққа жалт қарады. — Қалай? Демесін де ме? Әне, көрдің бе, Ардақ! Ал сендер оны жынды дейсіңдер. Ол жынды емес… Алпыс төрт деген — осы ауылдан майданға аттанған ер-азаматтардың саны, ал қырық бес — еліне қара қағаз боп оралған боздақтар. Күтпеген сөз, тосын ойдан тосылып, осы бір қысқа ғана сәтте Демесін мен оның өрескел тіршілігін еске алып, Ардақ абдырап қалды. — С… солай деңіз… Ол санап жүр деңіз, — деді ол күбірлеп. — Иә… Сол тізімнің ішінде сенің де күйеуің бар. Жай түскендей Ардақ оған жалт қарады. — Қай тізімнің? — Оның көзі ыза мен ашуға толып тұр еді. — Неге шошисың? — деді Ормантай сабырлы қалпынан таймай. — Жаман хабарын естігеніміз жоқ, әрине, тірілердің ішінде. Ардақ әлдене дегелі оқтала берді де, мүдіріп қалды. Сол бойы терезе алдына барып, сыртқа ұзақ қарап тұрып қалды. Ормантай оған жақындап: — Не болды саған, Ардақ? — деді ол жұмсақ үнмен. Ардақ үндемеді. — Сен не, жылап тұрсың ба? Бетін бұрмаған бойы Ардақ ақырын ғана тіл қатты. — Жоқ. Мен неге жылауым керек?.. Жылайтындай не бопты маған? Мына терезедегі перделердің қап-қара боп кірлеп кеткеніне қарап тұрмын… — Ардақ көзінен тамшылаған жасты сүртуге де әрекет жасаған жоқ. — Ә, иә, иә. Соғыс басталар жылы ілінген перде еді, содан бері оған қарауға мұрша болды ма? — деді ол Ардақтың жасын көрмеу үшін

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39