ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТШІСІ

да сіз қайтыңыз. Әні, өткен-кеткен әйелдер бізге қарайлап, күбірлеп сөйлеп барады. — Сен әдемісің, Ардақ! — деді өкіл оған жақындай түсіп. — Бірақ асаусың. Осы өңірдегі кез келген әйелге емеурін танытсам, еміреніп шығары белгілі. Сен ғана илікпей-ақ қойдың. Илікпеген соң ба, құдай да қас қылғандай мені саған ынтық қып қойды. — О-о, байқаңыз, ақын боп кетпеңіз, — деп Ардақ зорлана күлімсіреді. — Егер мені тыңдасаңыз, өкіл күйіңізше кері қайтыңыз. — Жоқ, мен сенімен бірге барам. — Шыныңызды айтыңызшы, сізге осы не керек? — Сен. Сен керексің, Ардақ! Сен! — Ардақ күрсініп теріс айналды. — Иә, құдай шыным, — деді Сейітжаппар алқынып. — Қаласаң өзіммен бірге алып кетем. Бүгін-ақ алып кете алам. — Ал әйеліңізді, балаларыңызды… — Елде жесір әйел мен жетім балалар аз ба? Көп болса олар да солардың бірі болар. Жетім-жесірлер көп кезде оларға кісінің жаны көп аши бермейді. — Опасыз! — Ардақ ызаға булығып, жыларман халде ілгері жүгіре жөнелді. Жүгірген бойы үйіне жетті. Соңынан өкіл де өңмеңдеп келеді. Ардақ есік тұтқасына қол соза бергенде өзінен төрт-бес адым жерде состиып тұрған әлдекімді көріп шошып кетті. — Ардақ, қорықпа, бұл мен ғой, — деген дауыс гүж ете түскенде оның Демесін екенін танып үрейі қорқынышқа айналды. — Деме-сін? Бұл сіз бе? — Иә… — Уһ, — деді ол жүрегін басып. — Енді маған жетпегені сен едің… Неғып тұрсың? Сен тыныштық күзетшісі емес пе ең? Жұмыс қайда? — Қазір… қазір барам… Сен еш нәрседен қорыққан жоқсың ба? — Алла разы болсын, қорыққам жоқ. — Дұрыс, қорықпа, — деді ол күлген боп. — Ешкімнен қорықпа. — Жарайды. — Ал анау тұрған кім? — Ә… ол ма?.. Өкіл ғой. Мені шығарып салып келеді. Демесінге бұл жауап, әрине, ұнамаған болуы керек. Ұзақ уақыт үнсіз тұрды да, теріс бұрылып жүріп кетті… — Ардақ пен өкіл оңаша қалды. Үйге кірді. — Сіз де желімдей жабысып, мені жұрт алдында әбден масқаралайтын болдыңыз-ау. Енді ел бетіне ертең қалай қараймын? — деді Ардақ шарасыз халде күйіне сөйлеп. — Жаңа жыл ғой. Шаршап, жабығып жүрсің. Көңіл көтерсеңші. Ел не демейді, тілде сүйек жоқ… — Қазір көңіл көтеретін кез бе? Анда жұрт қан кешіп жүр. — Қайтеміз… көптің басына түскен қиындық қой. — Менің қолымда тағы бір қара қағаз бар. Есіңізде ме, әлгінде шешесін сұраған қыз. Аты Перизат. Маслопромға сүт апара жатқанда шешесін ұрылар тонап кетіпті. Өлі-тірі екені белгісіз. Әлі ешқандай дерек жоқ. Үш жасар інісі екеуі ғана қалды. Әкесінің қазасын қалай естіртем?.. — Ондай оқиға қазір ел ішінде аз емес қой,

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39