ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТШІСІ

уақытқа дейін апам неге бір хабар бермейді? — деп жанары жасаурай түсті. — Сіздер неге іздемейсіздер? Неге? Кішкентай інім түн болса, апалап жылап шығады. Апама бірдеме болған ғой, әйтпесе ол неге келмейді, неге? Неге? Ол жылаған кезде Ардақ өзін қоярға жер таппайды. — Перизат күнім, қойшы енді, апаң келеді. Міндетті түрде келеді. Мен сені қазір көңілдендірейін… Қазір!.. — Ей, қу тезек пен су тезек. Қайда жүрсіңдер? — деп ол екі әйелге айғай салды. — Не болды, бастық қатын-ау, біз мұндамыз, — деді олар қосарланып. — Өлең айтыңдар! — деп бұйырды Ардақ. Мәнсия мен Шәмсия түкке түсінбей: — Не-ме-не? — деп қайталап сұрады. — Құлақтарың керең боп қалды ма? Өлең айтыңдар деймін. Бастаңдар! Бір! Екі! Үш! Мәнсия мен Шәмсия өлең бастап кеп жіберді. «Қаратаудың басынан көш келеді. Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді…» — деп олар «Елім-ай» әнінің зарлы жолдарын озандата жөнеліп еді, Ардақ: — Тоқтат! Қайдағы қайғылы өлеңді қайдан тауып алдыңдар? Көтеріңкі, көңілді өлең айтыңдар? — деді ашуға басып. — Көңілді өлең білмесек жерден қазамыз ба? — деді Мәнсия ренжіп. Ардақ оларға қолын сілтеп: — Әй, кім бар анда? Бері, бәрің келіңдер! Қане, кім көңілді ән біледі? Кім?! Айтыңдар?!.. — деді топқа қарап. Ешкім үндемеді. — Онда… Ақсақал, сіз бірдеңе дерсіз? — деп ол Әкімбекке жалынды. — Сіздің жастық шағыңызда да көңілді ән болмады ма? Әкімбек ортаға шықты. — Болды, болғандай қандай! — Әкімбек таяғын домбыра ғып, даусын кеней бастады. — Ән деген бізден қалған нәрсе ғой. Күлдіргі әнім отыз күнге, күңіренген әнім қырық күнге жетеді. — Ал жарайды. Мен «Медетбекті» айтып берейін: «Автомобиль, трактор, Бұрандасын бұрап тұр. Қыз күйеуге кетем деп Үй артында жылап тұр. Ей, ей Медетбек, Ой, ой Медетбек. Ерте бастан неге айтпадың, Маған қатын керек деп. Әуелеп ұшар дуадақ, Ұстар ма едің қуалап Он сегізде қыз болса Жатар ма едің уалап. Ей, ей Медетбек, Ой, ой Медетбек, Ерте бастан неге айтпадың, Маған қатын керек деп…» Әкімбектің әшейінде түк естімейтін саңырау кемпірі ән текстіндегі «он сегіздегі қыз» туралы естіп: «Мына жаман шал қызды қайтпекші-ай», — дегенде жұрт күлкіге батты да қалды. Перизат та күлді. Ел осылай абыр-сабыр боп жатқанда, кіре беріс есіктегі жұртты қаға-маға, үсті басына қырау қатқан Демесін кіріп келді. Демесінді көрген соң күлкі атаулы таппа тыйылып, жұрт сілтідей тына қалды. Әркім қолына түскен нәрсемен бетін көлегейлеп, бір-бірінің артына тығыла түскен. — Бұл не? Не боп қалды тағы? — деді Ормантай ғана оған жақындап. Демесін сыртта тұрған төрт-бес балаға дауыстады. — Алып кіріңдер! Бірнеше бала бір-біріне

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39