ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТШІСІ

– Қой, Ардақ өкілді өкпелете қоймас!.. — Өкпелетсе өкпелетер, өзінің де мінезі мінез емес қой! – Өкілдің де қор болған жері осы-ау. Әйелден дәметіп келіп жындының қолына түсті! Әйелдер жағы алып-қашты сөзді бірінен соң бірін шұбыртып, ішек-сілелері қата қарқылдай күлді. Мына топтың алдында масқара бола бергісі келмей Сейітжаппар тез тайып тұрғанды жөн деп санаған болуы керек, кенет: — Сау болыңдар, өңкей жындының ауылы!.. — деп бастық пен Ормантайға оқты көзімен соңғы рет ата қарап, есікті сарт жапты. Өкілдің біржола кеткеніне Демесін іштей қуанды. Ол жеңімпаз адамдай Ардаққа күлімсірей қарап еді, Ардақ теріс айналып кетті. — Өкілді өкпелетіп жіберген Ардақтың да дәті берік екен. Құдай біледі, осы біздің Ардақ әйел киімін киіп жүрген еркек, — деді Мәнсия Шәмсияға сыбырлап. — Қой әрі, қайдағыны айтпай. Еркек болса біздің мырза аға бір түннен соң-ақ қашып шықпас па еді, әскерге кеткенше бірге тұрды ғой, — деп Шәмсия оның әйел екенін фактімен дәлелдеді. — Ал мына екеуі кім? Неғып жүрген адамдар? — деді Ормантай Демесінге. — Олар да пәшист, — деді Демесін қайта ызаланып. — Оларды сиыр ұрлап бара жатқан жерінен ұстап алдым. Сиырлары есік алдында тұр. Бұрын да ұрлапты. Атам деген соң бәрін айтып берді. — А-а, солай де. Жандарының тәттісін бұлардың! Ұрланған сиырлар есік алдында тұр деген соң елірген жұрт лап қойып далаға шықты да, артынша айғайға басып Хадиша қайта кірді. — Менің сиырым! Менің сиырым! Осыдан бір жеті бұрын ұрланған менің сиырым. Аһ, оңбаған, кәззәптар! Жұрт жанын қиып, қанын төгіп жүр, ал бұлар бала-шағаның күн көріп отырған жалғыз сиырын ұрлайды. Сендерді де еркек дейді-ау, өй, өлімтіктер өңшең! — Хадиша екі ұрыны тұрған жерінде жұлмақ боп тұра ұмтылып еді, оны Ормантай ұстап қалды. Ол Демесінге жақындап оның бетінен сүйді. — Көз жасымызды құдай да көрмей отырғанда мына қарақшылардың тырнағынан жалғыз сиырымызды құтқарып бердің! Рахмет саған, Демесін! — Әрқашан тыныштыққа қызмет етемін! — деді Демесін, саптағы солдаттай саңқылдап. — Мыналарды не істейміз? — деді Ардақ ұрыларды нұсқап, Ормантайға. — Ерік сенде, Ардақ, — деді Демесін оған елжірей қарап. Ардақ қысылып төмен қарады. «Бейшара, бұл маған неге бұлай қарайды, ұят-ай!» — деді іштей Ардақ өзінен-өзі қысылып. — Ұрылардың аузындағы мақтасын әлі алмағансың ба? — деді Ормантай да ол екеуінің арасындағы өрескел ыңғайсыздықты байқап. — Алынбайды, — деді Демесін. — Неге? — Қатып қалған! Ормантай күліп жіберді. — Жібіген шығар, алып таста, сөйлесейік. Демесін ұрылардың аузындағы мақтаны алғаны сол екен, ауыздары босаған ұрылар тізерлей отыра кетіп, жамырай жөнелді. — Жаздық, жаңылдық! Бізді бір сайтан азғырды, енді

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39