ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТШІСІ

бұл маңнан жүрсек аяғымыз сынсын! — Ә-ә, солай ма? Бұл маңнан жүрмейсіңдер ме? — Иә, жүрмейміз. — Тап солай, отағасы. — Демек, бұл маңнан емес, басқа маңнан жүрмексіңдер ғой, солай ма? — Жоқ, жүрмейміз, отағасы. — Ей, біреуің сөйлесеңдерші, жамырап кеттіңдер ғой тағы. Қане, сен айтшы, — деді ол жаутымақтыға. — Еш маңнан жүрмейміз, отағасы, — деді жаутымақты бұрандалы патефондай әлгі сөзді қаз қалпында тағы қайталап. — Дұрыс… Еш маңнан жүрмейсіңдер, — деді Ормантай… Сөйтті де, кенет ызаланып: — Сендердің жер бетінде жүруге қақыларың жоқ! — деп дірілдеп кетті. —Жоқ! Жоқ! Жоқ!.. — Дұрыс! Дұрыс айтасың, бастық! — Демесін иығынан мылтығын алды. — Атып тастайын ба? Екі ұры Ормантайдың аяғын құшты. — Құтқара гөр, құтқара гөр, мына тажалдан, отағасы! Қанша ұрлық жасап жүріп, мынадай сұмдыққа кезіккен жоқ едік, қайдан тапқансыңдар мына пәлені. Құтқара көріңіз! Барлық тапқан-таянғанымыз шыбын жанымыздың садағасы болсын, бәрін сіздерге әкеп берейік. Құтқара көріңіз! Құтқара көріңіз! — Шындарыңды түгел айтсаңдар құтқарамыз, — деді Ардақ олардың тура жанына кеп. — Айтамыз, айтамыз! — деді екі ұры жанұшыра қосарланып. — Біздің колхоздың қанша сиырын ұрладыңдар? — Жалпы алғанда ма, әлде бір жылдың ішінде ме? — Өй, көксоққан! Жалпы алғанда! — Ардақ олардың арсыз сұрағынан айғайлап жібергенін де сезбей қалды. — Тоғыз сиыр, — деді біреуі жан-жағына алақтап. — Ол өтірік айтады, он бес сиыр, отыз қой, алты тауық, — деді екіншісі. — Бар шындарың осы ма? Қосып-аларларың жоқ қой? — Жоқ, жоқ! Манадан бері жаутымақты ұрының аяғына тесіле қарап тұрған Хадиша кенет айғайлап жіберді. — Өтірік өтірік! Бұлар шынын айтпай тұр. О, жауыздар,жауыздар1 Жұрт оған дүрліге қарады. — Не болды, Хадиша-ау? — Байпақ!.. Мынаның аяғындағы байпақ менікі! Өткен жолы маслопромға кетіп бара жатқанда аяғымнан шешіп Зейнепке бергенмін. Сол! Сол! Жұрт гулеп кетті. «Оңбаған жауыздар, қанішерлер!» деген сөздер тұс-тұстан жамырай естілді. Топ ішінен Перизат жүгіріп шықты. — Ормантай көке! Байпақ мамама үлкен болғандықтан табанына қабаттап ескі дәптердің мұқабасын салғам, егер алып тастамаса сол болуы керек! — деді ол зар қағып. Демесін жаутымақты ұрының аяғындағы байпақтың екеуін де суырып-суырып алып Перизатқа берді. Ол ішіне қолын сұғып, екі қабаты іри бастаган қағаз ұлтарақты алып шықты. Қағазға үңіле қарап, «7-а класы, Жанаева Перизат. Қазақ тілі дәптері» деген жазуды оқыды. – Жауыздар!.. Жауыздар!.. Апатайым менің! Ормантай көке, менің мамамды мыналар тонапты! Жұрт қайта гулеп, көздері шарасынан шыққан ұрыларға ұмтылды. — Өлтіру керек! — Ату керек! — Ату аз, турап-турап итке тастау керек!.. — Халайық! Шуламаңдар! — деді Ормантай қолын көтеріп, — Ал айтыңдаршы, мына байпақты

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39