ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТШІСІ

ал сізге бақ деп берген сиыр әлі жас, алтыда ғана. Неге мүйізі сынады? Қарамағансыздар ғой. — Неге қарамаймыз, өз малымыздан артық қарадық. — Жаз, — деді ол қасындағы әйелге. — Түгел әкелді деп жаз. Келесі кім? Төрт сиыр жетектеп Хадиша келді. — Сенде қанша еді? — Бесеу. — Неге төртеу-ақ? — Біреуі өліп қалды, оны өзің білесің ғой. — Орнына өз сиырыңды саласың. — Оны қайдан аламын? Жалғыз сиырымды ұрлап кетті ғой. — Маған ондай дәлелдің керегі жоқ. Бес сиырды бағуға алдың ба, алдың. «Ұрлап кетті, өліп қалды» деген сөз себеп емес, мемлекет малының саны түгел болуы керек. — Ардақ-ау, мен оны қайдан таппақпын? — Білмейм. Қайдан тапсаң оннан тап. Сиыр болмаса, бір сиырдың орнына төрт қой өткізесің. Он күн мәулет берем. Соның ішінде таппасаң, еңбеккүннен ұсталады. — Ұстаңдар, ұстаңдар еңбеккүннен! Күйеуіміз соғыста өлсін! Демесін баламыздың қолын сындырсын, өзіміз ақыреттей мақта пунктте қыс бойы жұмыс істеп ауру табайық, шиеттей бала-шаға аш-жалаңаш жүрсін, колхоздың малын бағып берейік. Сендерден қорыққанымыздан баламызға қарамай малға қарайтын болдық. Енді кеп, көтерем сиырларын өлсе құнын еңбеккүннен төлеп, өзіміз аштан өлейік. Сол ма мақсаттарың? Елді қинай бергеннен не түседі, халықтың аузынан қашанғы жыра бересіңдер? Сендерде ұят деген бар ма? — Келесі? Келесі кім деймін? — деді ол ызаланып. — Ардақ-ау, айтсаңшы, басқа не амал бар? — Басқа амал жоқ, төлейсің! Бар! — Қара жүрек!.. Тас бауыр! Төрт құбыласы түгел адам, басқаның қайғысын қайтсін? — деп ол көзіне жас алды. — Жаз! — деді Ардақ ызалана айғайлап. — Бір мал жетпейді де. Келесі, келесі кім? Үш сиырын жетектеп, шынашақтай боп Перизат келді. Ардақ оған ұзақ қарап тұрып, сырт айналып, көзін сүртті. Сол сырт айналған бойы тіл қатты. — Перизат, бұл сенбісің. Сендерде қанша еді?.. — Үшеу. — Өздеріңде мал бар ма? — Бар. — Қанша? — Бір ешкі, екі тауық… — Сендерге бір сиыр берсем… Жарайды, әзірге бір ешкінің сүті екеуіңе жетер. Бір ешкінің сүті екеуіңе жете ме? — Әрине… Ардақ апай, сіз неге теріс қарап тұрсыз? — Саған… ренжіп тұрмын, — деді ол кенет даусын өзгертіп. — Неге? Ардақ Перизатқа бұрылды. Сонда ғана оның жылағаны байқалды. — Сен… жетінші кластың оқушысысың. Бойжеткен қызсың… Азаматсың. Сөйте тұра сен әлі күнге дейін анаңның моласына қарай жүгіретін көрінесің, — деді ол дауысын көтеріп. — Біле білсең, ол — комсомолға жат қылық! Сенің артыңда өсіп келе жатқан інің бар, егер сен болмасаң ол кімге арқа сүйемекші? Осыны ойладың ба? — Жоқ, — деді Перизат жыламсырап. — Ойламағаның қате болған. Сенің інің

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39