ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТШІСІ

— болашақтың азаматы. Сенің оны жалғыз тастауға қақың жоқ, білдің бе? — Иә… Білдім… — Білсең бопты. Ал енді үйіңе бар, болашақтың азаматына жақсылап қара. Жарай ма? — Жарайды… Ардақ апа… көкемнен хат келген жоқ па? Ардақ сәл абдырап қалды да: «Жоқ… Әзірге болмай тұр…» деп қысқа жауап берді. Перизат кеткен соң Ардақ орамалын алып, ерніне жеткен кермек көз жасын сүртті. — Келесі кім? Келесі кім деймін? Тез! Тез! Кеуделеріңде жандарың бар ма, болсаңдаршы! — деді ол өзінен-өзі өршеленіп. — Мына қатын бізді қуырып жей ме, қайтеді-ей? — деген Мәнсияның ашулы даусы естілді. — Өзінің күйеуі аман, баласы тоқ, жұрттың қайғысын қайтсін? — деп оны Хадиша қостады. — Оның үстіне ауданнан ай құрғатпай өкіл кеп тұрады… Патефонымен!.. Ардақ оларға жалт қарады. — Кім оны айтқан? Әлгі сөзді айтқан қайсың? Түсіне білсеңдер… мен өз баламнан гөрі сендерді көбірек ойлайтын едім ғой, сендерді!.. — Иә, жүдә қатты ойлап жүрген шығарсың! — Хадиша оны келіп күпәйкесінің жағасынан ала түсті. — Әй қатындар, сендер қарап тұрмақсыңдар ма? Әйелдер жағы жабылып, Ардақты жығып салды. Перизат «Ормантай көке!» деп жан ұшырып сыртқа жүгіре беріп еді, қарсы алдынан шыға келген Демесінді көріп, қорыққанынан кейін шегінді. Демесін жұртты қақ жарып кеп Ардақты қолтығынан сүйемелдеп тұрғызды. Әуелгіде Ардақ оның иығына басын сүйеп бір-екі аттап еді, Демесін сол сәтке масайып, оның шашынан сипады. Енді не болар екен деп үрейленіп тұрған жұрт мына көрініске қайран қалып, демдерін іштеріне тартты. Ардақ есін жиып, Демесінді сілкіп тастады да, шеткері шықты. Шананың шарбағына сүйеніп, мең-зең қалпы ұзақ тұрды. Сонан соң басын көтеріп, үнсіз тұрған топқа арнап баяу сөз бастады. — Аяғының астынан әрідегіні көрмейтін байғұстар, — деді ол тістене сөйлеп. — Мен сендердің көздеріңе құбыжық боп көрініп жүр екенмін ғой. Сендердің ойларыңша, жер бетінде менен асқан қара жүрек, тас бауыр әйел жоқ, солай ма? Ізін суытпай өкіл кеп тұрады дейсіңдер. Сол өкілді өкпелетіп жібергенімді өткен жолы көздерің көріп еді ғой, неге күңкіл сөзге құмар боласыңдар? Неге? Егер күйеуге тиіп, ер қызығын көргім келсе, баяғыда-ақ басқа күйеуге шығып кетпес пе едім? Тіпті, сол өкілдің өзіне-ақ! Бірақ… бір өкіл емес, он өкіл келсе де мен… мен оларды күйеуімнің тырнағына теңгермеймін. Мен оның… аруағын қорламаймын, артында қалған жалғыз баласын жат біреуге жаутаңдатпаймын. Ол — менің аналық борышым. Сол борышымды өтеп барып, өз жарымның аруағының алдында адал боп көз жұмам!.. — Ардақ-ау, аруағың не айтып тұрған? Есің дұрыс па? — Иә, есім дұрыс! — Бұл жолы ол көзінің жасын жасыра алмады. — Міне, көріңдер! Ол камзолының ішкі қалтасынан

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39