жасқана тіл қатты. — Сәлеметсіз бе? — деді ол. — Сәлеметсіз бе деймін? Демесін оған бұрылып та қарамады. — Сәламатсыз ба? — деді Ардақ даусын көтеріп. Сол кезде барып Демесін: — А? Бұ кім? — деп жан-жағына жау келгендей жалт қарады. — Менмін ғой. Танымай тұрсың ба? Демесін шанасынан түсіп, оған ұзақ уақыт тесіле қарады. — Түн ішінде неғып жүрген адамсың? — Жұмысың… жұмысыңыз құтты болсын. Соны айтайын деп… — Не-ме-не? — Саға… Сізге еңбеккүн жазатын болдық… — Анау атты қайда алып бара жатырсың? — А? Атты? Қайдасы қалай? Өзім мініп келдім. Ат өзімдікі… — Ә-ә, тапқан екенсің ақымақты! Ұрының бәрі мал өзімдікі дейді. Ат сенікі емес, колхоздікі. Мен оны байлап қоям. Демесін шылбырын жинап, атты шанаға байлай бастады. — Жолдас… мұныңыз не? Мен соғысқа кеткен қызыл-әскердің әйелімін. Мені жәбірлегеніңіз үшін жауап бересіз… — Жақындама! Артыңнан адам іздеп келгенше осылай қимылсыз тұрасың? Іздеп келмесе, таң атқанша қимылдамайсың. Қит етсең бітті, атам да салам! Ардақ тұмшалап киген тонының жағасын түсіріп, бетін ашты. — Әй, Демесін! — деді ол енді бұйыра сөйлеп. — Байлама атты, өзіме бер. Мен ауыл совет председателімін, білдің бе? Демесін оған жалт бұрылып, бетіне үңіле қарады. Тонға тұмшаланған адамның Ардақ екенін енді таныса керек, еңкейген кеудесін жоғары көтеріп, абдырап тұрып қадды. — Иә, сен ұры емессің, — деді ол бет алды күбірлеп. — Жүре бер. Бірден танымай қалғаныма кешірім сұраймын. Өзің де бетіңді тұмшалап алыпсың. Жүре бер! — Менің атым қайда? — Демесін Ардақтың қолын ұстады. — У-у, қатып қалыпсың ғой, қазір, қазір!.. Ол жалма-жан үстіндегі тонын шешіп, Ардақтың үстіне жапты. — Р-рахмет. Ө-өзің ше? Сіз тоңып қаласыз ғой. — Мен… мен тоңбаймын… Маған аяз жоламайды. Айтпақшы, сен түнделетіп неғып жүрсің? — Ә-ә… Сенің еңбек кіташпаңды тапсырайын деп… Ол есімнен шығып кетіпті ғой. — Ол неғылған… кітапша? — Айтпақшы, біз сізді колхозға мүше етіп қабылдадық. Міне, мынау сенің еңбек кітапшаң, — деді ол бірде «сен», бірде «сіз» деп. «Еңбек кітапшасы» дегенді Демесіннің алғаш көріп тұрғаны болар. Ол бір жапырақ қағазға ұзақ қарады. Ерекше толқып, кітапшаны кеудесіне басты. Сонан соң Ардақтың алдында сымдай тартылып: — Тыныштық құрбаны болуға әрқашан дайынмын, — деді саңқ етіп. Бұдан соң не істерін білмей, Демесін маңдайына апарған қолын түсірді де, жансыз адамдай қатты да қалды. Ардаққа қадалған бойы ол ұзақ тұрды. «Рахмет саған» деді сәлден соң сыбырлап. Сөйтті де, күректей алақанымен оның шашынан сипады. — Ауылдың арғы жағы иесіз қалды, — деді Демесін кенет есін жиғандай. — Мен сол жаққа барайын. Ал кездескенше! Сау
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39