болмаған соң, Демесін әйелдерді қуып жетіп, алдын кес-кестеді. Екі әйелдің екеуі де қолға түскен көжектей бір-біріне тығылып, дір-дір етіп тұр. Демесін кеп біреуінің қолынан ұстап еді, анау баж ете қалды. — Ойбай, жолама! — Қайда барасыңдар? — Отын… Отын іздеп барамыз. Пунктке жағуға, — деуге ғана шамасы келді Шәмсияның. — Он жеті мың жеті жүзге жүз жиырманы қосқанда қанша болады? Соны айтсаңдар отын берем. — Білмейм… — Неге білмейсің? — Неге білмейтінімді де білмеймін. — Білесің. Ойлан… — Жоқ ойлана алмаймын! Әй, Шәмсия-ау, мынаған сен бірдеңе десеңші. — Ол не деп тұр? — Бірдеңені бірдеңеге қос дейді. — Қаншаны қаншаға қосу керек дейді? — Он жеті мың жеті жүзге жүз жиырманы. — Ертең… ертең қосып келейік, — деді ол Демесінге. — Жарайды, — деді Демесін олардың тым қорқып тұрғанын көріп. — Ертең айтарсыңдар. Бара беріңдер. Жоқ, тұра тұрыңдар, мен қазір келем. Екі әйел жансыз адамдай сілейіп тұрды да қалды. Демесін олардың қабын алып там айналып кетті. Оңаша қалған соң екі әйел тілге келді: — Әй, сонша неге қорықтық, ә? Осы байғұстан жұрт бекер қорқып жүр-ау деймін. Бізді оп-оңай босата салды ғой, — деді Шәмсия. — Ой, құрыған жеріміз осы екен деп ем!.. — Қаншаға қаншаны қосу дейді? Он жеті мың жеті жүзге жүз жиырманы ма? Ой, астапыралла, адам қорыққанда өз атын да ұмытып қалады деген осы екен-ау. Он жеті мың жеті жүзге жүз жиырманы қосқанда он жеті мың сегіз жүз жиырма болмай ма? — Япыр-ай, ә, оп-оңай-ақ екен-ау. Демесін екі қапқа отын салып, оларға алып келді де гүрс еткізіп екі әйелдің алдына тастады. — Міне, екі қап жарылған ағаш. Арқалап кетіңдер! Ал әлгі сандарды қостыңдар ма? — Иә, қостық, — деді Шәмсия. — Он жеті мың сегіз жүз жиырма-а! – деді Мәнсия. — Оны кім қосты? — Мына Шәмсия? — деді Мәнсия құрбысын алға итеріп. — Жарайсың, басың істейді! — деді Демесін оның арқасынан қағып. Сөйтті де, оны кенет құшақтап алып, шыңғыртып тұрып сүйіп алды. Мәнсия бұл көріністен қорқып зәресі қалмай көмек сұрап шарқ ұрды. Сол кезде ол Шәмсия мен Демесіннің үнсіз қалғанын көріп тұра қалды. Ол екеуі әлі сүйісіп тұр. Шәмсия Демесіннің мойнынан құшақтап алған. Тіпті, Демесін босанғысы кеп сілкінсе де, оның түсетін түрі жоқ. — Вот Дон Жуан, — деді Мәнсия бұл сөздің терең мағынасын білмесе де, — Өткен жолы Ардақтың шашынан сипап еді, бүгін Шәмсиямен сүйісіп тұрғанын қарай гөр-әй мұның! Екеуі бірін-бірі босатып, Демесін не істерге білмей тұрып қалды… — Мен… Қазір… — деді Демесін абдырап. Сөйтті
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39