оның тілін қалай таптың? — деді Шәмсия деген әйел Ардаққа қарап. — Сен болмағанда ол біразымызды жайратып салатын ба еді, қайтер еді? — Бостан-босқа айбарақ салма. Әзірге Демесіннің қолынан өлген адамның моласы жоқ, — деді Ормантай оған жақтырмай қарап. — Ау, халайық! — деді Ардақ жұртқа қарап. — Осынша қауым боп отырып бір жындыға шамамыз келмей ме? Соғыс ауыртпалығы иығымыздан бір басса, мына Демесін дегеннің үрейі екі басып, еңсемізді түсіріп жіберді ғой. Бір амалын табайық та!.. — Сонымен не демексің? — деді Ормантай. — Осында біраз жұрт жиналып қалған екенбіз. Соны бәріміз ақылдассақ қайтеді? — Ал ақылдассақ ақылдасайық, сонда не істеуіміз керек? – Майданға жіберейік… — Иә, майданға жынды керек боп жатыр еді, жаман қатты, — деді екінші бір шал қарсыласып. — Оу, ол сол соғыстан контужен боп оралған жоқ па?.. — Соғысқа жете алмай жолдан қайтқан, — деді тағы біреу. — Менде мынадай ұсыныс бар, — деді Ардақ бос сөзді жақтырмай. — Ауданмен келісіп, оны жындыханаға жіберу керек. — Жындыханасы несі? Обал емес пе? — Дұрыс. Табылған ақыл! Өлетін болдық қой зәреміз кетіп, — деп тұс-тұстан әркім өзінше шулап қоя берді. — Жындыхана дейсіндері, ә! — деді Ормантай күрсініп. — Елдің зәресін алып, апшысын қуырған адамның орны,әрине, бұл жер емес. Бірақ мен оны қимаймын. Оның әке-шешесін жиырмасыншы жылдары бандылар атып кетті.Баланың көзінше атты. Ол кезде бұл бес-алты жасар еді.Ол шырылдап менің қолымда қалған. Енді оны көзім қиып қалай жындыханаға жібермекпін! — Толқып кетті ме, ол орамалын алып, көзін сүртті. — Оның үстіне… ол сендер айтқандай жынды ма? Ешкімге обал-зияны жоқ, ауыл шетінде өзімен-өзі өмір сүріп жатыр. Ауық-ауық әлгіндей мінез көрсететіні рас. Ол өтеді де кетеді ғой. — Аз-кем ойланып, тұрды да кенеттен: — Ал онымен сырласып көргендерің бар ма? — деді. Ешкім үндемеді. — Әрине, ешкім онымен сөйлесіп көрген жоқ. Сондықтан да оны есалаң, делқұлы дейсіңдер. — Ал сіз ше? — деді Ардақ. — Е-е, ол ұзақ әңгіме. Кейде маған да дені дұрыс емес боп көрінеді. Ал енді бірде бәрімізден ақылды сияқты. — Иә, айтқандарыңыз орынды-ақ. Бірақ мына балалар майдандағы әкелерінің қазасын естіп бір қайғырса, Демесінмен кездесіп қалудан тағы қорқып, жүректері ойнамалы боп бітті… Тіпті, ересек мына біздер де емін-еркін жүре алмаймыз. — Ұят болса да айтайын, қажетті шаруамен түнде далаға шығудан да қалдық, — деді әлгі Мәнсия деген әйел топ ішінен бой көрсетпей. — Әй, Мәнсия, жатар орынға шайды аз ішу керек, — деді бір шал. — Сонда бүкіл ауыл боп бетіне қарап отырған жалғыз құдықтың да суы
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39