шығар… Иә, мен сізге ертең бәрін де айтамын, сізге сонда бәрі де аян болады… –Өте жақсы, мен келістім, әңгімені өзіңіз бастайтын боласыз… –Жарайды. –Сау болыңыз! –Сау боп тұрыңыз! Сөйтіп, екеуіміз қоштастық. Мен түні бойы сенделіп шықтым, үйге қайтуға зауқым соғар емес. Мен… ертеңгі күнге дейін мейлінше бақытты едім. ЕКІНШІ ТҮН –Міне, бүгінгі күнге де жеттім-ау!–деді ол менің екі қолымды қыса түсіп, сыңғырлай күлді де. –Бұл жерге келгеніме екі сағат болды; күні бойы қандай күйге түскенімді білсеңіз ғой! –Білемін, білемін… бірақ, іске кіріселік. Менің бұл жерге неге келгенімді білесіз бе? Кешегідей бос сандырақты доғарайық. Сізге айтайын: бұдан былай ақылдырақ болайықшы. Бәрі жайлы түні бойы толғанып шықтым. –Ол не, не жөнінде ақылдырақ болу керек? Өз тарапымнан, мен артық кетпеуге дайынмын; бірақ, шынымды айтайын, ғұмырымда дәл осындай салдарлы әңгімені есітіп көрген емеспін. –Шынымен бе? Біріншіден, өтінемін, сіз менің қолымды бүйтіп қатты қыса бермеңіз; екіншіден жасыратыны жоқ, бүгін сіз жөнінде көп ойладым. –Иә, ойыңыз немен тынды? –Немен тынды дейсіз бе? Тынғаны сол, бәрін де қайта бастау керек екен, өйткені бәрін ой таразысынан өткізе келе сізді әлі де болса жете білмейтініміе, кеше жас баладай, он жасар қыздай қылық көрсеткеніме көзім жетті, сонан соң, әрине, осының бәріне кінәлі өз жүрегім екенін ұғынып, яғни, өз басымыз жайлы айта бастағандағы әдетімізге салып, өзімді асыра мақтап жібердім-ау деген ойға тірелдім. Сондықтан, қатемді түзеу үшін, сіз жайлы егжей-тегжейлі біліп алуым керек деген шешімге келдім. Ал, сіз жайында сөз қозғайтын ешкім жоқ екен, демек, маған бірін де қалдырмай өзіңіз айтып беруге тиіссіз. Сонымен, сіз кімсіз? Тезірек – бастасаңызшы енді, өз тарихыңызды айта беріңіз. –Тарих? –деп шошына дауыстап жібердім, – тарих дегені несі? Менде тарих бар деп сізге кім айтты? Менде дәнеге де тарих жоқ… –Ондай оқиғаңыз жоқ екен, сіз қалай өмір сүріп келгенсіз? –деп ол күле сөйлеп сөзімді бөліп жіберді. –Ешқандай тарихсыз-ақ! Өзімше, жұрт айтатын кәдімгі жалғыздықта өмір сүрдім, жападан жалғыз – жалғыздық дегеннің не екенін сіз білесіз бе? –Қалайша жападан жалғыз? Сонда сіз ешқашан ешкімді көрген жоқсыз ба? –О, жо-жоқ, көруін көрдім ғой, сөйте тұра мен жалғызбын. –Сонда қалай, сіз ешбір адаммен сөйлеспедіңіз бе? –Шындығына келсем – ешкіммен де! –Сіздің сонда кім болғаныңыз, түсіндіріңізші! Ә, тоқтай тұрыңыз, мен енді-енді аңғарып келемін; сіздің, әжеңіз бар, дәл менің әжемдей. Ол басыр, өмір бойы мені өзінен аттам ұзатпай келеді, содан болар, кісімен сөйлесуді де ұмытып қала жаздаппын. Осыдан екі жыл бұрын бір рет жасаған тентектігімді көріп, ол мені ұстап отыра алмайтын болған соң, түйреуішпен менің көйлегімді өзінің көйлегіне түйреп қоятын болды, –содан бері
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41