біз күн ұзын үйде қамалып отырамыз; басыр болса да өзі шұлық тоқиды, ал мен оның жанында отырамын да аламын, тігіс тігемін немесе дауыстап кітап оқимын,– міне, екі жыл бопты түйреуішпен түйрелгеніме, сондай ерсі әдет… –Ах, құдайым-ай, бұ не деген бақытсыздық! Атай көрмеңіз, менің ондай әжем жоқ. –Ал жоқ екен, үйден шықпай отыруыңызға не сапар? –Бері қараңызшы, менің кім екенімді білгіңіз келе ме? –Әлбетте, әлбетте! –Әбден білгіңіз келеді ғой? –Әбден, әбден білгім келеді! –Ендеше айтуға рұқсат етіңіз, мен жүрген бір әумесермін! –Әумесер дейді! Қандай әумесер? –деп қыз айғайлап жіберіп, рахаттана, ахахалай күлді. – сізбен бірге жүрген адамның күлкіден ішегі үзілер тура! Қараңызшы, мына жерде сәкі бар екен; келіңіз, отыралық! Бұл арамен ешкім жүрмейді, сөзімізді есітетін адам жоқ, енді – өз тарихыңызды бастай беріңіз! өйткені ешқандай тарихым жоқ деп сіз мені сендіре алмайсыз, сізде ол бар, бірақ тек жасырын отырсыз. Әуелі әумесер деген не, соны түсіндіріңізші? –Әжине? Әжине деген бір ерекше, қызық жаралған жан!–дедім оның сәби күлкісінен соң іле-шала мен де күліп. –Солай қалыптасқан мінез. Тыңдаңызшы: Қиялшыл дегеннің не екенін білесіз бе? –Қиялшыл! Тоқтай тұрыңыз, оны неге білмеске? Менің өзім де қиялшылмын! Әжемнің қасында отырған кей сәттерде ойыңа нелер келіп, нелер кетпейді десеңші. Ал қиялдайсың кеп, көңіл деген көк дөнен –шар тарапқа алып ұшады, тіпті, қытай бекзадасына тұрмысқа шығып бара жатамын… Қиялдау – бір жағынан мұның өзі де тамаша! Бірақ, қайдам, қалай екенін құдай білсін! Әсіресе, онсыз да ойланатын нәрсең толып жатқанда қиялшылдық қажет пе екен, –деді қыз бұл жолы мүлде сабырлы қалыппен. –Өте тамаша! Қытай бекзадасына тұрмысқа шықты екенсіз, демек, енді мені толық түсінетін боласыз. Сонымен, тыңдаңыз… бірақ айып болмаса айтыңызшы: әлі сұрамаппын ғой, сіздің есіміңіз кім? –Әйтеуір сұрадыңыз-ау! Есіңізге ерте түскенін қарашы! –Ах, құдай-ай десеңші! Ойыма кіріп те шықпапты ғой. –Менің атым – Настенька. –Настенька! Бар болғаны осы ма? –Осы! Сізге бұл аз боп тұр ма, өзіңіз неткен қанағатсыз жан едіңіз? –Аз боп тұр ма? Жоқ, қайта көп, өте көп, Настенька, сіз мейірімді қызсыз, бір көргеннен-ақ сіз мен үшін сүйікті Настенькаға айналдыңыз. –Жә-жә! Қойыңыз! –Міне, Настенька, енді мына бір кісі күлерлік әңгімеге құлақ салыңыз. Мен шектен тыс байыпты қалып сақтап, оның қасына кеп отырдым да, хатқа жазылғандай сөйлей жөнелдім: –Настенька, сіз білерсіз, егер білмейтін болсаңыз, Петербургте мейлінше бөлек жаралған түкпірлер бар. Бұл арада көрінетін күн бүкіл Петербург адамдарына нұр шашатын күн емес, мүлдем басқа, әдеттегіден айрықша, бейнебір осы маңай үшін әдейі жасалғандай жарық сәулесі де, нұры да ерекше. Бұл түкпірлерде, сүйікті Настенька, біз біте қайнасып жүрген өмірден, біздің шектен тыс
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41