АҚ ТҮНДЕР Сентиментальды роман (Қиялшылдың естелігінен) Федор Достоевский

озып, айрылысар сәт жеткенде сол әйел оның кеудесіне басын қойып, үрейлі аспанда буырқана соққан дауылды да, қара кірпіктерінен сорғалаған жасты ұшырып әкетіп жатқан желді де елемей, еңіреп бір жыламады ма, сол әйелдің кеудесін осы сәт мұңлы сағыныш кернемеді ме? Шынымен осының бәрі тек қиял ғана болды ма? – екеуі талай бірге сайрандаған, болашаққа үміт артып, арман қуған, бірін-бірі мәңгі, мәңгі сүйген, бірін-бірі «нәзік махаббатпен мәңгілік ғашық болған» қара көлеңкелі, жан жүрмей жалғыз аяқ жолдарын мүк қаптаған мына оңаша бақ – осының бәрі де тек қиял ғана ма? Сол әйел томаға тұйық, үндемес, ашушаң кәрі күйеуімен қу бастай тобарсып, бір-бірінен өз махаббатын жасқана жасырып, дәл осында бар өмірін мұң мен оқшаулықта өткерген мына бір көзге қораш, атадан қалған ескі үй, ол да қиял ма? Олар қандай азап шегіп, бір-бірінен қандай жасқанды десеңші және олар қандай бейкүнә, махаббаттары қандай таза еді, соған қарамастан (әрине, Настенька, солай болары хақ қой) бірін-бірі қалай жек көріп еді! Құдай-ау, өз жерінен ту алыста, жат аспанның астында, шілденің тал түсінде, таңғажайып бір қаладағы балда ол қиялшылмен шынымен кездеспеді ме? Ол мұны тани кетіп, бетіндегі маскасын жұлып алып: «Мен боспын» деп дірілдеп сыбырлап, оның құшағына қойып кетпеді ме, бір-біріне тығыла түсіп, бір сәтке қайғы, айрылысу, азап атаулының бәрін ұмытып, бір сәтке көңілсіз үйді де, шалды да, алыстағы жабырқау бақты да, шалмен соңғы рет сүйіскен сәкіні де, оның азапты құшағын да естен шығармады ма?… Мен асқақтаған сөзімді аяқтап, масаттанған сезімде үнсіз қалдым. Еріксіз ахахалай күлгім келгені әлі есімде. Ойлы көздерін кең ашып, таңдана тыңдап тұрған Настеньканың ішек-сілесі қата күліп жіберуін күтіп, сонша асқақтап, осының бәрін неге айттым екен деп өкініп тұрдым. Бірақ, мен күткендей емес, ол үнсіз қалды да, аздан соң қолымды жай ғана қысып: –Шынымен дәл осылайша бүкіл өміріңізді өткіздіңіз бе? – деді жанашыр үнмен. –Иә, бүкіл өмірімді, Настенька! – деп жауап бердім,– өмір бойы, және, осылай аяқтайтын да шығармын! –Жоқ, өйтуге болмайды, –деді ол ақырын ғана, –ол болмайды, байқауымша, мен де әжемнің қасында ғұмырымды өткізетін шығармын. Тыңдаңызшы, біле білсеңіз, бұлай өмір сүру мүлдем жаман ғой. –Білемін, Настенька, білемін! – деп мұнан әрі өзімді-өзім ұстай алмай айғайлап жібердім. –Ең жайсаң жылдарымды босқа жібергенімді дәл қазір бұрынғыдан да анық түсініп тұрмын. Мен оны енді ұғындым және соным үшін жаным күйзеліп тұр, өйткені, осының бәрін жыр ғып ақтарып беруім үшін құдай маған сізді, менің мейірімді періштемді өзі жіберіп отыр. Енді, сіздің жаныңызда, өзіңізбен сөйлесіп отырған кезімізде маған болашақ жайлы ойлану да сұмдық қорқынышты, өйткені, болашағым – тағы да жалғыздық, тағы

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41