АҚ ТҮНДЕР Сентиментальды роман (Қиялшылдың естелігінен) Федор Достоевский

бе, мен бір кезде өзімді бақытты сезінген жерлерді еске алып, белгілі бір уақытта оған барып тұруды ұнатамын және ендігі өмірімді қайта оралып келмейтін өміріммен араздастырғым келмейді, сондықтан да көлеңке секілді бағытсыз, мақсатсыз өзімнен-өзім мұңға шомып, Петербург көшелерімен көп сандаламын, Еске түскен ол оқиғалар қандай еді десеңші! Әлі ұмытқаным жоқ, міне, мынау арада осыдан дәл бір жыл бұрын, дәл осы кез, осы сағатта, дәл осы тротуармен қазіргім секілді жападан-жалғыз жабырқау сандалып бара жатыр ем! Сол шақта арманымның зілдей ауыр болғаны есімде, одан бұрын да оңай емес еді, бірақ әйтеуір өмірің өз бетіңше тыныш, өз бетіңше жеңіл еді, қазіргідей маған жабысқан қараңғы ой мүлде жоқ болатын; күндіз күлкі, түнде ұйқыңнан айырған ар азабы да аулақ тұғын. Өзіңнен-өзің еріксіз: сенің қиялдарың қайда кетті,–деп сұрайсың да, басыңды шайқап қойып: уақыт деген неткен ұшқыр еді?–дейсің. Өзіңнен-өзің тағы да: ол жылдарыңның бәрін неғылдың? Ең жақсы шақтарыңды қайда жерледің?–деп сұрайсың. Сен өмір сүрдің бе, жоқ па? Байқа, дейсің өзіңе-өзің, байқа, дүние жалған. Тағы біраз жылдар өтеді, оның артынан тұнжырап жалғыздық та жетеді, ол қолыңа таяқ ұстатқан қалтырауық кәрілікті ала келеді, одан кейін мұң мен шер сығалайды. Сенің қиял дүниең күңгірт тартып, арманың солады да, сарғайған жапырақтай сау етіп төгіле кетеді… О, Настенька! Жалғыз, жападан жалғыз қалу сұмдық қой және сенің қимай бара жатқан түгің де жоқ – түгің де, ештеңең де… Өйткені, бәрі, сен жоғалтып бара жатқаныңның бәрі де жалған, ақымақтық, ессіздік, бекершілік, жоғалтқаның бар болғаны тек қиял ғана» –Жоқ, енді сіз мені аямай-ақ қойыңыз!–деді Настенька– Көзінен аққан жасын сүртіп. – Енді болды! Енді біз бірге боламыз; басыма қандай күн туса да екеуміз ешқашан ажырамаймыз. Тыңдаңызшы. Мен қарапайым қызбын ғой, әжем мұғалім жалдаса да аз оқып қалдым; әйтсе де, сізді түсінемін, сіздің қазір маған айтып бергеніңіздің бәрі әжем менің көйлегімді өз көйлегіне түйреп қойған кезде басымнан кешкен. Әрине, сіз сияқты мен желдіртіп, әдемілеп айтып бере алмаймын, мен оқи алмай қалғанмын ғой, –деп қосып қойды ол менің асқақ сөйлеген сөздеріме әлі де құрмет көрсетіп, – бірақ, маған бәрін ақтарып бергеніңізге қуаныштымын. Енді мен сізді білемін, жан дүниеңізді алақандағыдай білемін. Және, білесіз бе, мен де сізге өз тарихымның бірде-бірін жасырмай, түп-түгел айтқым келіп тұр, сонан соң, сіз маған өз кеңесіңізді бересіз. Сіз өте ақылды жансыз; кеңесімді аямаймын деп уәде бересіз бе? –Беу, Настенька, – дедім мен, – осы кезге дейін біреуге ақылшы боп, оның үстіне зерек ақылшы боп көрмеген едім, әйтсе де, қазір біліп тұрмын, егер біз дәйім осылайша өмір сүрсек бар ғой, өте орынды болар еді және бір-бірімізден

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41