АҚ ТҮНДЕР Сентиментальды роман (Қиялшылдың естелігінен) Федор Достоевский

түгіл сүйем жерге ұзай алмайсың.Иә деймін-ау, біздің, яғни әжемнің бар болғаны үш терезе салынған, со кісінің өзі сияқты тозығы жеткен жеке меншік үйі бар екенін айтуды ұмытып кетіппін ғой, үйдің төбесінде тағы бір мезонин болатын; міне, сол мезонинге бір тұрғын кеп орналасты… — Байқауымша, ол да кәрі кісі болар?—дедім мен сөз арасында. — Оныңыз рас, кәрі кісі болатын, — деді Настенька, — және ол сіз сияқты емес, ешқашан кісінің сөзін бөлмейтін. Бірақ, өзі де сөйлемейтін адам еді. Ол шал әрі ақсақ, әрі қаусаган кәрі, әрі мылқау, әрі соқыр болатын, ақыры өлді де тынды байғұс, ал оның орнына жаңа тұрғын керек болды, өйткені, пәтершісіз біз өмір сүре алмадық: бүкіл табысымыз пәтер ақы мен әжемнің жәрдем ақшасы ғана ғой. Қырсық қылғандай, жаңа тұрғын жас боп шықты, өзі бұл араныкі емес, басқа жақтан келген. Әжем оны саудаласып жатпай-ақ үйге кіргізді де, менен кеп: «қалай, Настенька, біздің жаңа тұрғынымиыз жас па, кәрі ме?» деп сұрайды. Менің алдағым келмей: «әже, ол кәрі дейін десең кәрі емес, жас дейін десең жас та емес біреу екен» деп жауап беремін. «Қалай, өңі тәуір ме екен өзінің?» деп сұрайды әжем. Менің тағы да алдағым келмейді: «иә, әже, сырт келбеті тәуір екен» деймін. Ал әжем болса: «Ах! құдай жазғырған екен! — дейді. — Мен мұны сені оған қарасын деп айтып тұрғаным жоқ. Заман деген не боп барады! Қарашы, өзі болса кісі есігінде жүрген біреу, әліне қарамай ол да келбетті: баяғы кездің өткені-ау!». Ал әжем ескілікті көксейді де отырады! Бағзы заманда ол жас та болган, бағзы заманда күннің де жылуы күштірек болған, бағзы заманда қаймақ та тез ашымаған — бәрін де бағзы заманға үйіп-төгеді! Мен болсам үнсіз ғана ойға шомып отырмын: келбетті ме, келбетсіз емес пе деп, әжемнің өзі неге мені әлденеге жетелейді? Осы бір ой жылт ете қалды да, жалма-жан ілмектерді санауға, шұлық тоқуға кайта кірісіп кеттім, сәлден соң ол жайлы ойлауды да қойдым. Бір күні таңертең пәтершіміз келіп тұр, бөлмемді оюлы қағазбен әшекейлейміз деп едіңіздер, соны сұрамақ ем дейді. Әжем деген көп сөйлейтін кісі ғой, іле-шала: «Настенька, ұйқтайтын бөлмеме барып, есеп шотты әкеле қойшы» дегені. Неге екенін кайдам, қызарып кеттім де, әжеме түйреліп қойғаным естен шығып, орнымнан ұшып тұрдым; пәтерші көрмесін деп түйреушті жайлап ағыту жоқ, атып тұрғағымда әжемнің креслосы қозғалып та кетті. Пәтершінің менің жағдайымды түгел түсінгенін біліп, екі бетім албырап кетті де, қалшиған қалпымда кенет жылап жібердім, — ой, сол бір сәтте ұяттан жерге кіре жаздадым-ау, бетімнен басқандай боп, көкірегім удай ашыды! Әжем болса: «Нағып тұрсың мелшиіп,

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41