АҚ ТҮНДЕР Сентиментальды роман (Қиялшылдың естелігінен) Федор Достоевский

бар тез!» деп ақырады — мен онан сайын жылайын кеп… Ұяттан жерге кірердей боп тұрғанымды сезген пәтерші кейін бұрылды да, сол сәтте шығып кетті. Содан бері дәлізден тысыр естілсе-ақ болды, өлген адамдай қимылсыз қаламын. Әні, пәтерші келе жатыр деймін іштей, сөйтемін де түйреуішті ақырын ғана білдіртпей ағытып қоямын. Бірақ, ол келмеді. Арада екі апта өтті: пәтерші ылғи Фекла арқылы французша кітаптарының көп екендігін, оқуға бере алатындығын айтып жібереді. Әжем салған жерден келісе кетті, бірақ, ол кітаптар өнегелі ме, жоқ па дегенді сұраумен болды, егер өнегесіз кітап болса дейді. Настенька, саған оқуға болмайды, сені жамандыққа үйретеді дейді. «Әже, мен одан нені үйренемін? Соншалықты онда не жазылған?». «Ә! — дейді әжем, — онда жас жігіттердің тәрбиелі қыздарды қалай азғырып әкететіндігі жайлы, оларға үйленемін дегенді сылтау етіп өз үйінен алып кететіні, сонан соң, ол сорлы қыздарды тағдыр талқысына қалай тастайтындығы мен олардың қалай бейшара халде өлетіндігі жайлы жазады. Өз басым, — дейді әжем, — бұл сияқты кітаптардың талайын оқығанмын және бәрінің қызықтығы сопдай, деміңді ішіңе тартып, түні бойы бас көтере алмайсың. Ал сен, Настенька, байқа, ондай кітаптарды оқып жүрме. Айтпақшы, дейді өзі тағы да, оның беріп жіберген кітаптары қандай екен?». «Бәрі де Вальтер Скоттың романдары екен, әже». «Вальтер Скоттың романдары! Тоқта, мұнда бір қулық-сұмдық жоқ па екен? Қарашы, парақтарының арасына ғашық-машық жайлы бірдеңе жазып салып жібермеді ме екен?». «Жоқ, деймін, қағаз салмапты, әже». — Сен кітаптың түптелген жерін қара. Олар кейде кітаптың түбіне жасыра салады, қарақшылар!..». «Жоқ, әже, кітаптің түбінде де ештеңе көрінбейді». — Ә-ә, онда мейлі!». Сөйтіп, біз Вальтер Скотты оқи бастадық, бас-аяғы бір айдың ішінде жартысын да бітірдік. Бұдан кейін ол кітаптарды үсті-үстіне жібере баста-ды, Пушкинді де жіберді, сөйтіп, ақырында, кітапсыз отыра алмайтыныма көзім әбден жетті, тіпті, қытай бекзадасына тұрмысқа шықсам деген ойды да ұмыттым. Пәтершімен басқышта бетпе-бет ұшырасып қалғанға дейін бәрі осылай жалғаса берді. Әжем мені бірдеңеге жұмсаған еді. Ол тоқтай қалды, мен қызарып кеттім, ол да қызарды, бірақ сәл күлімсіреп, амандасты, әжемнің ден саулығын сұрады, «калай, кітаптарды оқып шықтыңыз ба?» деді. «Оқып шықтым» деп жауап бердім. «Иә, сізге ең көп ұнағаны қайсы?» деді. Мен: «Ивангое Пушкин қатты ұнады» дедім. Бұл жолғы сөзіміз осымен ғана бітті. Бір апта өткен соң мен онымен тағы да басқышта кездестім. Бұл жолы әжемнің жұмсағанымен емес, өзімнің бір жұмысыммен кетіп бара жатыр едім. Сағат екіден кеткен кез болатын, ал пәтерші дәл осы кезде үйге оралатын-ды. «Сәлематсыз 6а!» деді ол. Мен де оған: «Сәләматсыз ба!» дедім. «Қалай, — дейді ол,— күні бойы әжеңізбен тапжылмай отыра беру

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41