АҚ ТҮНДЕР Сентиментальды роман (Қиялшылдың естелігінен) Федор Достоевский

өткен сайын, мен де өзгере бердім: тыныш отырып та, кітап оқып та, жұмыс істеп те жарытпаймын, кейде күлген боламын, әжеме қас қылып әдейі бір нәрсені бүлдіремін, кейде жылап та аламын. Өзім жүдеп кеттім, ауруға шалдыға жаздадым. Опера маусымы бітті де, пәтерші бізге келуді мүлдем қойды; ал кездесе қалсақ — баяғы сол басқышта ғой әрине — менімен сөйлескісі келмегендей соншалықты сабырлы кейіппен үнсіз ғана басын изейді де, сыртқа шығып кетеді, ал мен басқыштың кақ ортасында шиедей қызарып қала беремін, өйткені, онымен қарсы ұшырасқан сайын бүкіл қаным басыма теуіп шыға келетін болды. Енді бәрі де бітті. Аттай бір жыл бұрын, май айында ол бізге келіп, бұл жердегі шаруаларын түгел бітіргенін, енді, бір жылға Москваға қайта кетуі керек екенін айтты. Мен мұны естіген кезде өңім қашып, жансыз адамдай орындыққа құлап түстім. Әжем ештеңе байқаған жоқ, ал ол өзінің бізден кетіп бара жатқанын хабарлап тағзым етті де, шығып жүре берді. Енді маған не істеу керек? Әрі ойладым, бері ойладым, сөйттім де бір шешімге тірелдім. Ертең ол жүреді, ал мен бәрін де бүгін кешке, әжем ұйықтауға кеткенде тындыруға бекіндім. Солай болды да. Мен көйлек- көншектін, бәрін шүберекке орап, колыма түйіншекті ұстаған бойы не өлі емес, не тірі емес, жоғарғы үйдегі пәтершіге көтерілдім. Сатымен бір сағат жүрген шығармын. Мен оның есігін ашып қалғанымда ол мені көріп айғайлап жіберді. Ол мені елес деп ойлап қалған екен, жалма-жан су әкеп берді, аяғымды әзер басып, теңселіп тұрмын. Жүрегімнің қатты соққаны соншалық, басым зырқырап, есім ауытқып кетті. Есімді жиған кезде түйіншекті оның төсегіне қойдым да, өзім соның қасына отыра кетіп, екі қолыммен бетімді басып, егіл-тегіл боп жыладым. Әсте, ол бәрін түсіне кеткен болса керек, түсі бозарып, жүрегімді қарс айырардай маған мұңлы көздерін қадап қапты. «Тыңдаңызшы, — деді ол сөз бастап, — тыңдаңызшы, Настенька, менің қолымнан ештеңе де келмейді; мен жоқшылықтағы адаммын; әзірге ештеңем де, тіпті, тәуір қызметім де жоқ; сізге үйленсем біз қалай күн көреміз?». Біз ұзақ сөйлестік, ақыры мен әжеммен бірге тұрғым келмейтінін, одан қашып кететінімді, түйреуішпен түйреліп қала бергім келмейтіндігін, өзі қалағандай, онымен еріп Москваға кетуге дайын екенімді, онсыз тұра алмайтындығымды таусыла айтып шықтым. Кеудемдегі ұят, махаббат, ар — бәрі бірден қосыла бас көтеріп, денем түршіккеннен төсекке құлай жаздадым. Мен оның бас тартуынан қатты қорықтым. Ол бірнеше минут үнсіз отырды, сонан соң орнынан тұрып маған жақындады да қолымнан ұстады. «Тыңдаңызшы, менің мейірімді, менің сүйікті Настенькам! — деп бас- тады ол да көзіне жас алып. — тыңдаңызшы. Егер, әйтеуір бір кезде үйлене алатын халге жетсем, сөз жоқ сізбен қосылуға

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41