ант етемін; иланыңыз, менің бар бақытым енді сізде ғана. Есіңізге салайын: мен Москваға аттанып бара жатырмын, ол жақта аттай бір жыл боламын. Онда ісім оңға басар деп сенемін. Қайтып келген соң, егер сіз менен сырт айналып кетпесеңіз, құдай ақы екеуміз бақытты боламыз Ал қазір мүмкіндік жоқ, пәлен деп уәде беріп, байлам айта алмаймын. Бірақ, қайталап айтайын, егер бір жылдан соң сәті түспесе, бәрібір, түбі қосыламыз. Әлбетте, сіз өзге біреуді менен артық көріп кетпесеңіз ғана, өйткені, мен сізді сөзбен байлап қоя алмаймын, оған тәуекел етпеймін де». Ол маған осыны айтты да, ертесіне аттанып кетті. Әжеме бұл жайлы тіс жармайық деп екеуміз де келіскенбіз. Оның қалауы осы болды. Міне, сонымен, менің бүкіл тарихым түгелдей дерлік аяқталды. Бір жыл өтті. Ол келді, оның осы жерде жүргеніне үш күн болды және… — Сонымен не болды? — деп шыдамым жетпей айғайлап жібердім. — Әлі күнге бір көрінбеді!—деді Настенька қинала сөйлеп,—хат та, хабар да жоқ… Осы тұста ол сөзін кілт үзіп, аз уақыт үнсіз қалды, басын төмен салбыратып, кенет екі қолымен бетін басып алды да, жүрегімді тебіренте егіліп жылады. Бұлай болады деп мүлде күтпеп ем. — Настенька, — дедім жасқана сөйлеп, — Настенька! құдай үшін, жыламаңызшы! Оны қайдан білесіз? Бәлкім, ол әлі келмеген де болар… — Ол осында, осында! — деп Настенька іліп әкетті:— Ол келген, осында екенін білемін. Сол кештің өзінде, оның жүрер алдында екеуміздің келісіміміз болатын, сізге қайталап баяндап берген сөздің бәрін айтып болғаи соң, біз сөз байласып, осы жағалауға серуендеуге шыққанбыз. Сағат онның кезі еді. Біз осы сәкіге кеп отырдық: мен жылаған жоқпын, оның сөздерін тыңдай бергім, тыңдай бергім келді… Ол келіп түскен бетте бізге соғатынын сонан соң қарсы болмасам бәрін әжеме түсіндіреміз деп келіскенбіз. Ол әлдеқашан келген, мұны жақсы білемін, ал өзі болса бір көрінуді қойды! Ол тағы да көзіне жас алды. — Құдайым-ау! Біреудің қайғысына ортақтасуға болмай ма? — деп сәкіден ұшып тұрып айғайлап жібердім.—Айтыңызшы, Настенька, менің оған барып келе қоюыма болмай ма?.. — Мұның жөні келе қояр ма екен? —деді ол кенет басын көтеріп. — Жоқ, әзірше жоқ! — дедім сасқалақтап. — Ендеше былай етіңіз: хат жазып беріңіз. — Жоқ бұл мүмкін емес; бүйтуге болмайды? — деді ол үзілді-кесілді жауап беріп. — Неге мүмкін емес? Неге болмайды? — дедім өз ойымнан айырыла қоймай, — білесіз бе, Настенька, хат болғанда қандай хат! Хатпен хаттың арасында да айырмашылық бар емес пе, және… Ах, Настенька, бұл сондай орынды болар еді! Сеніңіз, иланыңызшы маған! Сізге айтып тұрғанымның ешқандай ерсілігі жоқ. Мұның бәрін де жайғастыруға
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41