болады. Сіз бірінші қадам жасадыңыз ғой — неге енді келіп… — Болмайды, болмайды! Онда мен жабыса түскендей боп көрінемін… — Ах, мейірімді Настенькам-ай! — деп күлкімді жасыра алмай оның сөзін бөліп жібердім, — олай деп ешкім де ойламайды, тіпті, әрі беріден соң, сіздің хақыңыз бар, өйткені өзі уәде берді ғой. Менің байқауымша ол әдепті кісі болуы керек және дұрыс та жасаған, — деп өз топшылауым мен дәлелдерімнің туралығына қуанғандай сөзімді жалғастыра бердім, — ол қалай етті? Ол өзіе-өзі уәдсмен байлады. Егер үйлене қалса сізден басқа жанға қосылмайтынын айтты. Ол тіпті, қазір айнып кетсеңіз де мейлі деп сізге ерік беріп қойды… Мұндай жағдайда тәуекел деп көруіңізге болады, оған еріктісіз де. Әріберіден соң оны әлгіндей уәдеден азат еткен күннің өзінде де сіз оның алдында жоғары тұрасыз… — Айтыңызшы, қалай жазған болар едіңіз? — Нені? — Әлгі хатты. — Мен былай деп жазған болар ем: «Аса қайырымды мырза… Кешіріңіз, мені…» Жоқ, ешқандай кешірім өтінудің керегі жоқ! Мұндағы сөздің өзі бірін-бірі жуып-шайып жатады; жай ғана жаза салыңыз: «Мен сізге хат жолдап отырмын. Шыдамсыздығым үшін айып ете көрмеңіз: әйтсе де мен бір жыл бойы үміт құшағында бақытты боп келдім, енді күдікті күннің азабын тартып отырсам, оған мен кінәлімін бе? Мүмкін, осында келген соң сіз бұрынғы уәдеңізден аттап кеткен шығарсыз. Онда осы хат менің сізге өкпелемейтінімді, сізді кінәламайтынымды айтып барсын. Мен сіздің өз қалауыңызға әмір ете алмайтындығым үшін сізді инедей де жазғырмаймын; тағдырдың маған жазғаны осы да! Сіз мейірбан адамсыз. Сіз менің шыдам шегінен шығып жазған әрбір жолдарыма күлмейсіз де, қабақ та шытпайсыз. Есеңізге түсіріңіз, оны жазып отырған бір бейшара қыз, оның, ешкімі де жоқ, оған ақыл айтатын да, оны үйрететін де адам қалмаған және өз жүрегін ешуақытта өзі билеп көрмеген. Бірақ, көкейіме бір сәтке болса да күдік орнағаны үшін айыпқа бұйырмаңыз. Сіз өзіңізді өлердей сүйген, өлердей сүйетін қызды ең арысы ойша болса да ренжітуге бара алмайсыз». — Иә, иә! менің ойлағанымның дәл үстінен түстіңіз! — деп Настенька қуаныштан жанары ұшқын атып айғайлап жіберді. — О! Сіз менің күдігімді шешіп бердіңіз, сізді маған құдайтағаланың өзі жіберген шығар! Рахмет, рахмет сізге! — Не үшін? Мені құдай өзі жібергені үшін бе? — дедім оның жүзіне масаттана қарап тұрып. — Иә, тым болмаса сол үшін. — Ах, Настенька! Тым болмаса өзімізбен бірге өмір сүріп жатқандығы үшін өзге жандарға алғыс айтайық та. Маған кездескеніңіз үшін, бүкіл ғұмырымда есімнен кетпестей боп қалғаныңыз үшін мен сізге шексіз ризамын! — Жарайды, жарайды! Ал енді былай, бері қараңыз: біздің келісіміміз бар болатын, ол қалай
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41