болса екен, күліп жүрсе екен деп тілейсің. Және қуаныш деген неткен еліктіргіш! Настеньканың кешегі сөздерінде маған деген жүрек елжіретер еркелік, мейірімділік толы еді-ау… Ол мені қандай құрметтеп, маған қандай еркеледі, жанымды сергітіп, жүрегіме қаншалықты нәзіктік құйып кетті! О, бақыттылықтан адам қалай-қалай өзгереді! Ал мен… мен бәрін де саф алтынға балап келіппін, мен оны,,, Бірақ, құдай-ау, мұндай ой басыма қайдан түсіп жүр? Бәрі де мендік болмай, бәрін де өзге біреу иемденіп қойғандай ең соңында, оның әлгі бір еркелігі де, оның мейірімділігі мен махаббаты да… иә, маған деген махаббаты да көп ұзамай басқа жанмен кездесетінін білген қуаныш әсерінен екенін, өз бақытын маған да мойындатпақ болғанын көрмейтіндей мен қандай көзсіз едім?.. Келіскен жерге жігіт келмей қалып, біз оны бостан-босқа сарыла күтіп тұрған кезде Настенька тұнжырап кеткен жоқ па, ол жасқаншақтап айналасына қараумен болды ғой. Оның әрбір қимылынан, әрбір сөзінен бұрынғыдай наздылық, ойнақылық пен көңілділік мүлдем байқалмады да. Тағы бір таңқаларлығы сол – орындалмай қалар ма екен деп қорыққан өз тілегін менің кеудеме лақ еткізіп аудара салмақ болғандай ол маған деген ықыласын екі есе ұлғайта түсті. Менің Настенькамның алаңдағаны, қорыққаны сондай, ақыры әйтеуір өзін сүйетінімді ұғынып, менің бейшара махаббатымды аяған секілді. Иә, өз басымызға күн туғанда барып, өзге біреудің қайғысын жанымызбен сезінеміз; сезіну деген екіге бөлінбейді, тек бағышталады… Мен оған кеуде толы қуанышпен келіп, кездесу сәтіне дейін әзер шададым. Мен қазір қандай жағдайға тап боларымды, мұның бәрінің мүлде басқаша аяқталарын болжай алмадым. Ол жүзі қуаныштан күлімдеп, жауап хатты күтіп тұр. Жауап орнына оның өзі келеді. Иә, ол келуі тиіс еді. Настеньканың дауысын есітіп жетіп келуге тиіс еді. Настенька менен бір сағат бұрын келіпті. Алғашында ол бәріне де ахахалап, менің әрбір сөзіме ішегі үзілердей күле берді. Мен сөзді бастай беріп, үнсіз қалдым. –Менің неге қуанышты екенімді сіз білесіз бе?–деді ол, – сізбен кездескеніме неге қуаныштымын? Сізді бүгін неге ерекше жақсы көремін? –Иә? – дедім мен сұраулы пішінде жүрегім тайдай тулап. –Мен сізді маған ғашық болып қалмағаныңыз үшін жақсы көремін. Егер сіздің орныңызда басқа біреу болса, жабысып мазаңды алар еді, жүрегін ұстап жалбарынар еді, ал сіз сондай әдепті екенсіз? Ол қолымды қатты қысып қойды. –Құдай-ау! Сіз не деген адал дос едіңіз! – деді ол бір минуттан соң аса байыпты пішінде, – сізді маған құдай жіберген шығар! Япырмай, қасымда сіз болмасаңыз, күнім қандай болар еді менің? Көңіліңіз неткен риясыз таза еді! Сіздің мені сүйетініңіз қандай жақсы болды! Күйеуге тиген кезімде де біз бір-бірімізді ағалы-қарындастардан артық жақсы көретін боламыз. Мен оны… оны қалай сүйсем, сізді де солай сүйетін
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41