кеңсе қызметінен босап, менің көз алдымда өз шаңырағының қамқор ақылгөйіне айналып, дачасына аттанып барады; өйткені, әрбір өткіншінің жүзі ерекше бір паңдық пен асқақтыққа толы, олар қарсы ұшырасқандардың бәріне: «біз, мырзалар, бұл жерде әшейін ғана, өтіп бара жатып қой, әйтпесе екі сағаттан соң дачамызға кетеміз» дей айтып салудың аз-ақ алдында. Әдемі бикештердің ақша қардай аппақ қолдары терезені ашып, басын қылтитып гүл сатушыны өзіне шақырып жатқанда маған сол сағат, сол сәтте осы гүлдердің бәрі қаланың қапырық бөлмелерінде көктем әсерімен құшырланып, гүл иісін сезіну үшін емес, тек әні-міне дачаға аттанатын болған соң гүл ала кетуді жөн көрген ойдан туып жатқан секілденеді. Мұның үстіне, өзім ашқан жаңалыққа тағы бір тамаша үлес қосқан сияқтымын, неге десеңіз, кімнің қандай дачада тұратынын айнақатесіз салған жерден айтып бере алатын дәрежеге жеттім. Каменный мен Аптекарский аралдарының немесе Петергоф жолының адамдары жазғы киімдерінің ерекше сәнділігімен, қимыл-әрекеттерінің жаттандылығымен, қалаға мініп келген күймелерінің кереметтей әдемілігімен көзге ұрады. Парголов және одан әрмен қарайғы жердің тұрғындары ә дегеннен-ақ өздерінің салмақты да салауатты екендіктерін «мойындатқандай», аз Крестовский аралының адамдары қашан да көңілді. Столдар мен орындықтар, түрік дивандары мен түрікті емес басқа да дивандар, толып жатқан ағаш бұйымдары тау етіп тиелген, ол аз болса байдың мүлкіне қара шыбын қондырмай жүктің найза басына аспазшы әйел қонақтап алған кештің жолында қолындағы божысынан ажырамай ілби басып келе жатқан жүк тасушыларды кездестіргенімде, Нева, Фонтанка бойымен үйдің кәкір-шүкірлерін қайыстыра тиеп алып Черная өзеніне яки аралдарға дейін баратын қайықтардың көз алдымда бірден онға, оннан жүзге айналып, жайлап жылжып бара жатқанын көргенімде бар дүние түгел қозғалғандай, бәрі дачаларына үдере көшкендей сезіндім. Тіпті бүкіл Петербург қу медиен, қу далаға айналып, қаңырап қалатындай. Сонда барып мен өз- өзімнен қатты ұялдым, жаным жасып, мұңға шомдым, менің баратын жерім де жоқ, дачаға кетер жайым да жоқ. Әрбір көшке ілесіп, көшір жалдаған әрбір қадірлі мырзаға еріп кетіп қалуға дайын да едім. Бірақ, олардың бірде-бірі жүре ғой деп шақырмады. Бейне бір мені ұмытқандай, мен оларға нақ бір мүлдем бөтен жандаймын. Бағыт-бағдарсыз көп сандалғандықтан болар қайда, қалай кетіп бара жатқанымды байқамай жүріп, бір кезде заставаға тірелгенімді бір-ақ сездім. Кенеттен мені көңілділік билеп ала жөнелді де, шлагбаумнын, ар жағына өтіп, шабындық пен егістік арасы арқылы жүре бердім, шаршау дегенді сезбейтін де сияқтымын, кеудедегі сандырақ сияқты дегбірсіз сезім әлдеқайда ғайып болып, жанымның тыншығып келе жатқанын байқағандаймын. Барлық өткіншілер маған күлімсірей қарап, енді болмаса тағзым ететін кісідей сәл иіліп өтіп жатыр; олардың бәрі әлденеге ерекше қуанышты, бірі қалмай шетінен сигар шегіп барады. Бұрын-соңды сезініп кермеген қуаныш мені де билеп алған. Мен Италияның өзінен
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41