күнде де сіз маған доссыз – мен, әрине қарапайым ғана аадаммын, мүсәпірмін, беделім жоқ елеусіз жанмын, бірақ мәселе онда емес (мен әлі де ойындағымды дәл айта алмай тұрмын, Настенька), сіз оны әлі күнге сүйсеңіз де, мен білмейтін адамды бұдан кейін ардақтай берсеңіз де бәрібір мен сізге өлердей, өлердей ғашық бола берер едім, ал сіз менің махаббатымның қаншалықты ауыр екенін байқамас та едіңіз. Дәл өзіңіздің қасыңызда мейірімді, дархан жүректің, оттай ыстық жүректің дүрсілдей соққанын білсеңіз ғой, әрбір минут сайын құлақ салсаңыз ғой! Сіз үшін оның неден болса да… ох, Настенька, Настенька, сіз мені қандай күйге түсірдіңіз!.. –Жыламасаңызшы енді, мен сіздің көз жасыңызды көргім келмейді, –деді Настенька сәкіден тез көтеріліп, –кетейік, тұрыңыз, менімен бірге жүріңіз, қойсаңызшы, жыламасаңызшы енді, –деді ол тағы менің жасымды орамалымен сүртіп, – ал, енді жүрейік, бәлкім, мен сізге бір әңгіме айтып берермін… Енді ол мені талақ еткен екен, мен оны әлі сүйсем де (сізді алдағым келмейді) ол мені ұмытқан екен… бірақ, бері қараңыз, жауап беріңізші. Мәселен, мен сізді сүйіп қалған болсам, былайшы айтқнда мен енді ғана… Оһ, досым-ай, жан досым-ай менің! Маған ғашық боп қалмағаныңыз үшін өзіңізді арқадан қағып, мөлдір сезіміңізді әжуалағанымды, жігеріңізді жасытқанымды енді қайтіп еске алармын, қайтып қана еске алармын!..О, жасаған! Мен мұны неге байқамадым, неге сезбедім, неткен ақымақ едім, бірақ енді, енді тартынбаймын, енді бәрін де айтамын… –Тыңдаңызшы,Настенька, менің не ойлап тұрғанымды білесіз бе? Мен сізден кетемін, міне солай! Мен сізді текке азапқа салып жүрмін. Махаббатымды әжуалағаныңыз үшін сізді міне, арыңыз шыдатпай барады, л мен, ал мен өз қайғыңыз онсыз да бастан асып жатқанда… әрине, мен кінәлімін Настенька. Қош болыңыз! –Тоқтаңыз, мені тыңдап болсаңызшы: сабыр етіп күте аласыз ба өзіңіз? –Не күтпекпін, қалай? –Мен оны сүйемін; бірақ бұл әзірше ғана, бұл өтеді, оның өтпеуі мүмкін емес, өтіп те бара жатыр, оны сезіп те тұрмын… Кім біледі, бәлкім бүгін-ақ бәрі де бітер, өйткені мен оны жек көремін, сіз менімен қосыла жылап отырғаанда ол мені келеке етті, сіз мені сүйесіз, ол мені ұнатпайды, өйткені, сізге мен өзім… өзім ғашықпын… иә ғашықпын! Сіз мені қалай сүйсеңіз, мен де солай сүйемін: мен мұны сізге өзім де бұрын айтып ем ғой, мұны өзіңіз естідіңіз Мен сізді ұнатсам, одан артық болған соң ұнаттым, өйткені сіз одан әлдеқайда мейірбансыз, өйткені, өйткені ол… Байғұс қыздың толқып кеткені соншалық, сөзін аяқтауға мұршасы келмей басын иығыма, онан соң кеудеме сүйеп, егіліп жылап жіберді. Мен оған басу айтып, тыныштындырмақ болдым, бірақ ол көз жасын тия алмады. Ол қолымды қыса түсіп, өксік арасында: Тоқтай тұрыңыз, тоқта тұрыңыз,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41