қазір мен қоямын! Мен сізге бәрін де айтамын… көз жасым кесір келтіреді деп ойлай көрмеңіз – бұл жай ғой, нәзіктіктен, сәл күте тұрыңыз, қазір өтеді де шығады»… дегенді қайталай берді. Ақыры, ол жылағанын қойып, жасын сүртті, сонан соң біз қайта қозғалдық. Оған сұрақ қояйын деп ем, ол менің енді аз ғана күте тұруымды өтінумен болды. Бііз үнсіз қалдық… Ақыры ол өзіне-өзі келіп, сөзін бастап кетті. –Айтарым мынау –деп бастады ол дірілдеген баяу үнмен. Оның бұл үнінде жүрекке шаншудай тиіп, қадала кететін кенет оянған бір қасиет жатыр еді. – Мені ұшарын жел, қонарын сай білген ебелек деп ойламаңыз, арасында шөміш кебетін уақыт өтпей жатып оп-оңай опасыздық жасай салады екен деп те жүрмеңіз… Мен оны бір жыл бойы қалтқысыз сүйіп келдім және құдай атымен ант етейін, оған қиялымда да қиянат жасаған жоқпын. Ол мұны елең қылмады; ол мені мазақ етті – мейлі, құдай алдынан жарылқасын. Бірақ менің жүрегімді жаралап, жанымды жәбірледі ғой. Ал мен – мен жек көріп кеттім, өткені мен өзімді бағалайтын ақ пейіл, мейірбан адамды ғана сүйе аламын, неге десеңіз менің өз басым солаймын, ал ол маған тең емес – мейлі, құдай бетінен жарылқасын! Сарғайып күте-күте алданғаннан гөрі кім екенін қазір сездіргені де жақсы болды… жарайды, қалсын бәрі де! Бірақ, достым-ау, кім біледі, –деді ол менің қолымды тағы да қысып, – кім біледі. Менің барлық махаббатым сезім мен қиялдың алдамшы сәулесі ғана болған шығар, бәлкім ол әжемнің қақпайлауымен өскен болмашы бір нәрседен, тентектіктен басталған шығар? Бәлкім менің ондай жанды емес, басқа біреуді, одан өзгеше, өзімді аяйтын, жаны ашитын адамды сүюім керек шығар, және оның үстіне… жарайды, құрысыншы бәрі де, – деп Настенька ентігіп, сөзін кілт тия қойды, – менің сізге айтайын дегенім… сізге айтпақ болғаным… егер менің оны сүйетіндігіме қарамастан (жоқ, бұрын сүйгендігіме) маған деген махаббатыңыз шексіз екендігіне көзіңіз жеткен болса, ол менің жүрегімдегі бұрынғы сезімдерімді ығыстырып шығара алатын болса… егер маған жаныңыз ашып, тағдырмен бетпе-бет, үмітсіз халде жалғыз тастап кетпейтініңізге көзіңіз жетсе, егер мені бұдан кейін де өмір бақи дәл қазіргідегідей сүйіп өтуге бел байласаңыз онда өз махаббатымның сізге лайықты баянды болатынына ант етемін… Енді қолымды алуға қарсы емессіз бе? –Настенька,– дедім шыдай алмай айғайлап жіберіп, – Настенька… Настенькам менің!.. –Ал, жарайды, жарайды! Енді керегі жоқ!-деді ол өзін-өзі әрең теежеп. –Міне, енді бәрі де айтылды; рас па? Солай ғой! Енді, сіз де бақыттысыз, мен бе бақыттымын; бұл жөнінде сөз қозғамайтын болайық, тоқтай тұрыңыз, аяңыз мені… Құдай үшін, басқа бір әңгіме бастаңызшы! –Солай, Настенька, солай! Бұл жөнінде айтпай-ақ қояйық, мен
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41