шырағым, өзің қарашы, кімнен екенін сонда жаазған шығар. Мен хаттың мөрін бұздым. Настенькадан! –О, кешіріңіз, кешіріңіз мені, –деп жазыпты Настенька, – аяғыңызды құшып жалынамын, кешіре гөріңіз мені! Мен сізді де, өзімді де алдаппын. Мұның өзі де әлде түс, әлде сандырақ шығар… Бүгін сізді ойлай-ойлай әбден жабықтым; кешіріңіз, кешіріңіз мені!.. Мені кінәлай көрмеңіз, өйткені мен сіздің алдыңызда ешқандай кінәлі емеспін; мен сізді сүйемін дедім ғой, әлі де сүйемін, өлердей сүйемін. О, құдай-ай! Егер мен сіздің екеуіңізді де бірдей сүйе алсам ғой!.. Әттең, оның орнында сіз болсаңыз-ау!». –Әттең, оның орнында сіз болсаңыз-ау!»– деген сөз басымды шарлап өтті. Мен сенің, өз сөзіңді қайтааладым., Настенька! «Сізге қандай жақсылық жасай алатыным бір құдайға ғана аян. Сіздің қайғыдан қан жұтып жүргеніңізді жақсы білемін. Мен сіздің арыңызға тидім, бірақ өзіңіз білесіз ғой – шын сүйсең көңіліңде кір жатпайды емес пе? Ал сіз мені сүйесіз! Рахмет! Иә! Осы махаббатыңыз үшін сізге ризамын. Өйткені, ол оянған соң да ұзақ уақыт естен кетпейтін тәтті бір түстей жадымда сақталып қалды, өйткені менің өлген жүрегімді тірілту үшін, оны қастерлеп, аялау үшін өз жүрегіңіздің сырын түгел ақтарған сәтіңізді мәңгі ұмытпаймын. Егер сіз мені кешірсеңіз, сізге деген алғысым мен ыстық ықыласым өле-өлгенімше кеудемнен өшпес еді… мен сіздің бейнеңізді естен шығармаймын, оған шын беріліп, оны да, өз жүрегімді де алдамайын: ол шектен тыс тұрақты екен. Ол тіпті кеше ғана өз иесін ұмытпай, оған қайта оралды ғой. Біз кездесеміз әлі, сіз бізге келесіз, сіз бізді ұмыта алмайсыз, сіз менің мәңгілік досым әрі ағайым боласыз… Және, мені көре қалсаңыз маған қолыңызды бересіз ғой… Солай ма? Сіз қолыңызды ұсынасыз ғой, сіз мені кешірдіңіз, рас емес пе? Сіз мені бәз-баяғыдай сүйесіз бе? О, сүйіңіз мені, мені ұмыта көрмеңіз, өйткені мен дәл осы минутта сізге өлердей ғашықпын, өйткені мен сіз сүюге тұратын әйелмін, өйткені олай етуге хақым бар… сүйікті досым менің! Келесі аптада мен оған тұрмысқа шығамын. Ол маған ғашық боп қайта оралды, ол мені бір сәтке де есінен шығармапты… Ол жөнінде жазғаныма сіз ашуланбайсыз ғой. Сізге ол екеуміз бірге бармақпыз; сіз оны жақсы көріп кетесіз, рас емес пе? Кешіріңіз, өзіңіздің Настенькаңызды ұмытпай, сүйіп өтетін болыңыз». Мен бұл хатты ұзақ уақыт бойы қайталап оқумен болдым, көзімнен аққан ыстық жас тоқталар емес. Ақыры ол қолымнан түсіп кетті де, бетімді басып отыра кеттім. –Қарағым, ау қарағым, – деді Матрена. –Не боп қалды? –Ана өрмекшінің ұясын мен түгел құрттым; енді үйленсең де, қонақ шақырсаң да мейлің, тек сол кезде… Мен Матренаға көз тастадым… Ол әлі жинақы, жас кемпір еді, бірақ, неге екені белгісіз,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41