АҚ ТҮНДЕР Сентиментальды роман (Қиялшылдың естелігінен) Федор Достоевский

жаудырып жатты. Бірақ оның сөздері анық естіле қойған жоқ. –Қолыңызды беріңіз, – дедім мен бейтаныс бойжеткенге – сонда ол бізге жақындауға бата алмайды. Ол қорқыныш пен толқудан әлі дірілдеп тұрған қолын ұсына берді. О, шақырусыз келген мырза! Осы сәттерде мен саған қаншалықты алғыс жаудырдым десеңші! Мен қызға бір қарап өттім: ол мейлінше көрікті, аққұба екен – жаза баспаппын; оның қап-қара кірпіктерінде жас әлі жылтылдап тұр еді, әлде әлгі қорқынышынан ба, әлде бұрынғы қайғысынан ба – ол жағын біле алмадым. Бірақ еріндерінде күлкі ойнап тұрды. Ол да маған ұрлана бір көз тастап, сәл ғана қызарып кетті де, төмен қарай қойды. –Ал айтыңызшы, жаңа сіз мені неге қудыңыз? Егер қасыңызда болсам ғой, дәнеңе де болмас еді… –Бірақ, мен сіздің кім екеніңізді қайдан білейін. Сізді де сондайлардың бірі шығар деп… –Сіз мені енді білемін деп ойлайсыз ба? –Аздап. Ал, сіз өзіңіз неге дірілдеп тұрсыз? –О, сіз салған жерден дәл таптыңыз! – деп мен бейтаныс қызымның ақылды екенін ойлап айғайлап жібердім: әдемілікке ақыл деген әрқашан жарасады ғой. –Иә, сіз кіммен сөйлесіп тұрғаныңызды ә дегеннен дәл таптыңыз. Дұрыс айтасыз, әйелдерге жасқаншақпын, дауым жоқ, толқып тұрмын, дәл әлгі мырза өзіңізді қорқытқандағыдай толқып тұрмын… Енді мен жүрексініп тұрған секілдімін. Бейне түс сияқты, ал мен тіпті түсімде де әйтеуір бір кезде әйтеуір бір әйелмен сөйлесермін деп ойлаған жоқ едім. –Қалайша? Шынымен бе? –Иә, егер қолым дірілдеп тұрған болса, сіз сияқты әйелдің сүйріктей саусақтары оны ешқашан ұстамағандығынан. Мен әйел атаулыдан мүлдем суып кеттім: яғни, олармен тіл табысып та көрген емеспін; өйткені мен жападан жалғызбын. Мен тіпті, олармен қалай сөйлесуді де білмеймін. Тап қазір де солай – сізге орынсыз бір нәрсе айтып қойған жоқпын ба? Олай болса жасқанбай тура айта беріңіз; алдын ала ескертіп қояйын, мен кінәмшіл емеспін… –Жо-жоқ, ештеңе де; қайта керісінше. Және де сіз менің бүкпесіз сөйлеуімді талап етеді екенсіз, онда айтайын, әйелдерге осы батылсыздық ұнайды, ал егер бұдан да көп білгіңіз келеді екен, онда бұл қасиет маған да ұнайды, және мен сізді үйге жеткенше қасымнан қумай-ақ қояйын. –Онда, – деп бастадым мен қуаныштан ентіге сөйлеп, – онда мен батыл боп аламын ғой, сонан соң барлық амал-тәсіліммен қош айтыса берермін!… –Тәсіл? Қандай тәсіл, оның қажеті қанша? Мұныңыз енді көргенсіздік! –Кінәлімін, енді олай демеймін, абайсызда аузымнан шығып кеткенін қарашы; бірақ, осындай сәтте адамның өз қалауы болмасын деп қалай айтасыз… –Біреуге ұнау ма? –Иә, солай; құдай үшін, құдай үшін солай түсініңіз. Өзіңіз ойлаңызшы, мен кіммін! Жасым жиырма алтыға толыпты міне, ал мен ешқашан ешкімді де көрген емеспін. Бұдан кейін мен

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41