АҚ ТҮНДЕР Сентиментальды роман (Қиялшылдың естелігінен) Федор Достоевский

қалайша сұлу, шешен, нақты сөйлемекпін? Бәрі де ақжарқын, ашық болса өзіңе де тиімдірек қой… Көкірегім сайрап тұрған кезде мен үнсіз қала алмаймын. Жә, бәрібір ғой… Иланасыз ба осыған, бірде-бір әйелмен сөйлескен жан емеспін, ешқашан, ешқашан! Ешкіммен де таныстығым жоқ! Тек, күн сайын ақыры бір кезде, әйтеуір бір әйелді кездестірермін деп қиялдаумен боламын. Еһ, егер дәл осылайша қаншама рет ғашық болғанымды білсеңіз-ау!… –Қалай, сонда кімге? –Ешкімге де емес, өзім армандаған, түсімнен кетпейтін әйелге. Мен өз қиялымда бүтін бір роман жасаймын. О, сіз мені білмейсіз ғой! Әрине, онсыз бола ма, мен екі-үш әйелді кездестіргенмін, бірақ олар мен армандаған әйелдер ме? Кілең отбасына ғана жаралғандар… сізге күлкі болу үшін айтайын, мен әйтеуір бір ақ сүйек әйелмен ұшырасып, оңаша сәтте оған бар сырымды ақтара сөйлегім де келді, сөйлегенде де жүрек лүпілімен, сыпайы, ессіз сөйлегім келді, осылай да осылай, жападан жалғыз өтіп барамын, мені өзіңізден қуа көрмеңіз, тым болмаса бір әйелді жақсылап біліп алатындай да жағдайым жоқ, тіпті, мен секілді бақытсыз жанның жасқаншақ өтінішін жалпы әйелге тән ұяңдыққа салып жерге тастай көрмеңіз демек те болдым. Ең ақырында, бар өтінішім, бар тілегім тек қана шын туысқандай ақ көңілден шыққан екі ауыз ғана сөз айту екенін, менің дегеніме құлай сеніп, өзін алыс ұстамауын, ақтарған сырымды аяғына шейін тыңдап, өзімді келекелей күлуін, ерсі болмаса, маған екі-ақ ауыз, тек екі-ақ ауыз ғана сөз айтып, үмітке бөлеуін өтінбек болдым, мейлі, одан кейін мәңгі бақи кездеспесек те ризамын!… сіз күліп тұрсыз ғой… жалпы өзім де сол үшін айтып тұрған жоқпын ба… –Ренжімей-ақ қойыңыз; мен сіздің өзіңізге өзіңіздің қас екеніңізге күліп тұрмын, егер тәуекел деп көрген болсаңыз армандаған адамыңызды, бәлкім, көшеден де кездестіріп қалар едіңіз, ойда жоқта табысқан да жақсы ғой… Егер ол есссіз болмаса және дәл осы минутта әлденеге қапаланып келе жатпаса, ешбір әйел сіздің жалбарына сұраған екі ауыз сөзіңізді айта салудан қашпас еді… Ал, мен ше! Өз басым сізді әрине, есуас деп санаған болар ем. өйткені, мен жұртты өзіме қарап бағалаймын ғой. Жер бетіндегі адамдардың қалай өмір сүретінін жете білемін! –О, рахмет сізге, –деп айғайлап жібердім,– маған қандай жақсылық жасағаныңызды білмейсіз-ау! –Жарайды, жарайды! Бірақ, айтыңызшы, сіз менің әлгіндей… імм, әлгі өзіңіз айтқандай құрмет тұтып дос болуға лайықты әйел екенімді… яғни, өзіңіз атағандай, отбасында отырмаған әйел екнімді қайдан білдіңіз? Неге менімен сөйлесуге тәуекел еттіңіз? –Неге? Неге? өйткені сіз жалғыз едіңіз, ал ана мырза болса тым батыл көрінді, түн болса мынау: өзіңіз ойлаңыз, бұл парыз ғой… –Жо-жоқ, одан бұрын, анда, арғы бетте. Сонда сіз менімен сөйлеспек болдыңыз ғой? –Арғы бетте ме? Шынымды

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41