АҚ ТҮНДЕР Сентиментальды роман (Қиялшылдың естелігінен) Федор Достоевский

айтсам, мен бұған не деп жауап берерімді білмеймін; батылым жетпейді…. Білесіз бе, мен бүгін сондай көңілді болдым, жүріп келе жатып ән де салдым; қала сыртында серуендедім; мұндай бақытты минуттарым ешқашан болып көрмеген шығар. Мүмкін, маған солай көрінді ме, сіз… Кешіріңіз мені, есіңізге түсірейін: сіз жылап тұрғандай көріндіңіз, ал мен… менің мұны естігім келмеді… жүрегім аузыма тығылды… О, құдай-ай десеңізші! Сонда, сізге жанашыр көңіл білдіруге қақым жоқ па еді? Сізге білдірген шын туыстық аяушылығым қалайша күнә боп есептеледі?.. Кешіріңіз, аяушылық деппін-ау… иә, бір сөзбен айтқанда, өзіңізбен жақын келіп тілдеспек болған ниетім қалайша сізді қапаландырмақ?! –Қойыңызшы, жетер, айтпай-ақ қойыңыз…–деді бойжеткен төмен қарап менің қолымды қысты да. – Ол жайында сөз бастағаным үшін өзім кінәлімін; бірақ, сіз жайлы пайымдауымның қате болмай шыққанына қуаныштымын… міне, үйге кеп қалдым; анау бір кішкене көшеге түсуім керек; осы жерден екі-ақ адым. Қош болыңыз, рахмет сізге… –Қалайша, қалайша біз осы бойы кездеспей кете береміз? Бәрінің де осымен тына салғаны ма? –Қарай көріңіз,– деді бойжеткен езу тартып, – әуелі екі-ақ ауыз сөз айтуды өтініп едіңіз, енді кеп… Бірақ, мен сізге ештеңе де айтпаймын… Бәлкім, кездесіп те қалармыз… –Ертең осы жерге келемін,–дедім мен. –О, кешіріңіз, мен енді талап ете бастадым-ау… –Иә, сіз шыдамсыз… тіпті, талап етіп те тұрсыз… –Тыңдаңызшы, тыңдаңызшы!–деп оның сөзін бөліп жібердім, –тағы өрескел бірдеңе деп қойсам, ғафу етіңіз… Айтпағым мынау еді: енді бұл араға келмеске лажым жоқ. Мен қиялшылмын: мен мұндай минуттарды қиялымда қайталамай тұра алмаймын, өйткені менің тіршілігімде шындық өмір дегеніңіздің аздығы сондай, дәл қазіргі тап осындай сәттер тым сирек ұшырасады. Мен сіз жайлы түні бойы, апта бойы, жыл бойы ойлап шығатын боламын. Сөз жоқ ертең осында келемін, дәл осында, осы жерге, дәл осы сағатта, сөйтіп, кешегімді еске алып, өз-өзімнен бақытқа бөленемін. Бұл орын бұдан былай маған мейлінше сүйікті, мейлінше қымбат. Петербургте дәл осындай ыстық көрінетін екі-үш орным бар. Мен тіпті бір ретте өткен уақиғаны еске алып, жылап жібергенім бар, әлгіндегі сіз сияқты… кім біледі, бәлкім сіз де содан он минут бұрын өткен уақиғаны еске алып жылаған боларсыз. Бірақ кешіре гөріңіз мені, өзімді-өзім тағы ұмытып кетіппін ғой; бәлкім, сіз бір кезде тап осы арада ерекше бақытты болған шығарсыз… –Жақсы,–деді бойжеткен, – ертең осы араға келейін, мен де сағат онда келемін. Сізге пәлен деп тиым салудың мүмкін еместігін байқап тұрмын… Менің бұл араға келуімнің де себебі бар: сізбен кездесуге уәде берді екен деп ойлап қалып жүрмеңіз, мен келсем өзім үшін келемін. Міне көрмейсіз бе… жә, сізге мен турасын айтайыншы: сіздің келгеніңіз жаман болмас еді, біріншіден, дәл бүгінгідей

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41