АНАСЫН АҢСАҒАН ҚЫЗ

болмашыға қырқысып, өз қанымызды өзіміз төгіп жатқанымызды қашан ұғар екенбіз? Қашан? Қашан? (жебені оның кеудесінен суырып алады). Кеш мені батыр, кеш! (Сарбаз жан тапсырады.) Топ ішінен Айбарша шығады. Ол зерен тостақпен Қазығұртқа сусын ұсынады.

ҚАЗЫҒҰРТ. Қан төгілген жерде сіз неге жүресіз?

АЙБАРША. Жауды жеңген батырдың ащы мысқылын хан қызы да көтерер. Қазығұрт сусынды ішеді.

ҚАЗЫҒҰРТ. Ә-ә, біз неге жеңдік десем, сіздің дұғаңыз жебеу болған екен ғой.

АЙБАРША. Жауды жеңген батырдың ащ мысқылын хан қызы да көтерер.

ҚАЗЫҒҰРТ. Артық айтсам кешірім өтінем, ханшайым. Бірақ, ер адам намысшыл, жау қылышынан қансырап жатқанын әйел адамның көргені – сарбаздың екінші өлімі. Мен соны айтайын деп едім.

АЙБАРША (зорлана күліп). Тұспалдап сөйлейтін шешендігіңіз де бар екен ғой. (өзгеріп) Қалай келеке етсеңіз де жөн сіздікі. (аспанға қолын жайып) О, Алла! Жеті күн, жеті түн зарлаған үнімді есітіп, көз жасымды көргенің үшін саған мың да бір рахмет! (Қазығұртқа). Еркек жолы бұралаң, әйел жолы жіңішке. Енді алдыңыздан ақ жол тусын, тілерім сол.

ҚАЗЫҒҰРТ. Рахмет, айтқаның келсін.

АЙБАРША. Маған мұнда көп аялдауға болмайды, ағаларым қарап тұр. Батырлық ерге ғана емес, әйелге де тән. Мен мұнда нар тәуекелмен кеп тұрмын. (қиқалаған орамалын көрсетеді).

ҚАЗЫҒҰРТ. Бұл не?

АЙБАРША. Сіз сипаған орамал… Қырғауыл атушылардың көзіне шалыныппыз. Көп ұзамай менің де тағдырым дәл осы орамалдай болмақ. Әкемнің уәдесі сол.

ҚАЗЫҒҰРТ. Хан қызы қараға жем болғанша қарғаға жем болсын деген сөз ғой.

АЙБАРША. Сақ болғайсың, батыр! Елге аман жетіңіз. Бір хабарын өзім берермін. Қош! Ол кетеді. Ханның ұлдары кеңес құрады. Садат, Самат, Сатанов, көрші еркек те осында. Олар қазір хан ұлдары.

ОРТАНШЫ ҰЛ. Не амал бар? Қазығұрт елге аман жетсе біздің күніміз не болмақ?

ҮЛКЕН ҰЛ. Оның көзін жою керек. Сонда жауды өзіміз жеңген боламыз.

ОРТАНШЫ ҰЛ. Тамшы бұлақтың басында, шатыр тігіп, демалуға жатқанда жеті күн, жеті түн көз ілмеген адам сергек ұйқтамас.

КЕНЖЕ ҰЛ. Табылған ақыл. Онда біз екеуіміз барып, әкемізден сүйінші сұрай берейік.

ҮЛКЕН ҰЛ. Аттаныңдар! Олар кетеді. Шатыр ішінде Қазығұрт ұйқтап жатыр. Нөкер кіреді. Бір қолында тостаған, екінші қолында айбалта.

НӨКЕР. Батыр-еке! Ау, батыр-екесі. Сусын ішесіз бе? Ол оянбайды. – Тамшы бұлақтың суына бал қосып әкеп ем, ұйқтап жатыр екенсіз ғой. Жарайды, кейін ішерсіз. Бұйырса қашпас, бұйырмаса тәңірдің ісі болар. Ол айбалтаны сілтеп қалады. Қазығұрт оянып кетеді де, жалт береді. Бірақ, айбалта иығына тиіп, қансырап, қиналып жатады.

ҚАЗЫҒҰРТ. Бұл неғылғандарың? Кім жіберді сені? Опасыздар!..

НӨКЕР. Мұсылман дінінде адам түгілі малдың да жанын қинауға болмайды, батыр-екесі. Бірақ, жазмыштан озмыш жоқ, амал бар ма! Жаныңызды қинай бермейін. Ол айбалтамен тағы шабады. Айбарша Қазығұрт

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31