моласының басында жоқтау айтып отыр.
ПЕРІШТЕНІҢ ДАУЫСЫ. Осы моланың басында күңіреніп ән айтқаныңа қырық күн, жалғыз бауыры мен баласын жоғалтқанда бүйтіп ешкім зарлаған жоқ еді, сен пендеге не болған?
АЙБАРША. Бұл кім? Қайдан шыққан дауыс?
ДАУЫС. Мен – періштемін. Мына бір пенде зарлауын қоймады, біліп кел деп Алла-тағалам жіберіп еді. АЙБАРША. Періште? Менің дауысым шынымен құдайдың құлағына шалынғаны ма? ДАУЫС. Иә. Кім жатыр еді бұл молада?
АЙБАРША. Ғашығым!
ДАУЫС. Ғашығым? Ол не?
АЙБАРША. Бірін-бірі өлердей сүйетіндерді «Ғашықтар» дейді. Періштем-ау, махаббат дегенді адамдарға сыйлаған өздерің емес пе едіңдер, ұмытып қалдыңдар ма?
ДАУЫС. Оны сендер ұмытып кеттіңдер, сонан біздің де есімізден шыға бастаған болуы керек. Тұра тұр, бұл жөнінде Алла-тағалам не деп жазған екен (қағаз сытыры). Ғашық… Ғашық. Иә-иә. Ғаббас, Ғарыш, Ғасыр… Ға… Ға… Ә-ә, міне, Ғашық, Ғашықтар. «Ғашық болу – адамзатқа мен сыйлаған ең асыл, ең киелі қасиет. Ғашық болған адамдар бірін-бірісіз өмір сүре алмайды, бірін-бірі бір сәт көремесе дүние бос қалғандай жапа шегеді. Бұл асыл сезім дүние жаралған кезде жұрттың бәріне бірдей себіледі, бірақ, адам баласының көпшілігі ол қасиетті жүре келе ұмытып, нәпсінің құлына айналады да, бұл сезімге дақ түсіреді. Менің әмірім бойынша ондай адамдар екінші рет ғашық бола алмайды да, күлді-көмеш сезімдермен өмір сүреді. Шын ғашықтардың сезімі жер бетінде алғаш ескен самал лебінен, періштенің алғашқы демінен, Хауананың әуелгі тамған ақ сүтінен, менің ең алғашқы ақ батамнан, күннің алғашқы нұрынан, айдың ең әуелгі ақ нұрынан жаралған. Ғашықтар адамзатқа тазалық пен пәктікті, сұлулық пен адалдықты ұмыттырмау үшін, олардың кір шала бастаған сезімдерін жаңғырту үшін жаралған жер бетіндегі менің ең сүйікті өкілдерім». (тамсанып) Ғажап екен!
АЙБАРША. О, періштем! Құдайдың жер бетіндегі ең сүйікті өкілі екеніміз рас болса, жаратқан иеме айтыңызшы, менің бір тілегімді беріп Қазығұртты тым болмаса үш күнге тірілтіп берсін. Сонан соң мәңгілік көз жұмуға дайынмын.
ДАУЫС. Қинадың-ау, пендем-ай!.. Жарайды, сөйлесіп көрейін. (фонограммадан телефон секілді бір дыбыстар естіледі). Болмайды. Құдай өз заңына өзі қарсы келе лмайды. Жақсы адамдар оған да керек.
АЙБАРША. Енді не амал бар?
ДАУЫС. Жаратқан ием айтады, өлгендерді тірілте берсем зарлаушылар көбейіп жер бетінде адам симай кетеді дейді. Ол мынадай ұсыныс айтты. «Қыз келіссе екеуін о дүниеде қосайын» деді.
АЙБАРША. Ол үшін не істеуім керек?
ДАУЫС. Ол үшін сен де өлуің керек.
АЙБАРША. Жарайды, келістім. Тек о дүниеде сүйгенімді бір көрсем болғаны.
ДАУЫС. Келістік. Бердік тілегіңді.
Интермедия бітеді.
ПЕРИЗАТ. Айбарша үш күн, үш түн о дүниелік тойын жасапты деседі. Бұл тойға жаратқан ием де келіпті. Алла-тағаланың адамдар арасынан алғаш дәм тататын дастарқанды періштелер таудың шың басына
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31