АНАСЫН АҢСАҒАН ҚЫЗ

апарып жайып жатқанда олардың біреуінің аяғы тайып кетіп, тас үстінде із қалыпты. Сол із тау басында күні бүгінге дейін жатыр. Қапыда қаза болған Қазығұрт батырдың құрметіне оның моласы жатқан тау – Қазығұрт тауы атаныпты. Перизат әңгімесін бітіреді. Әңгіме әсерінен отырғандар үнсіз қалады. Сонан соң қол соғады.

КАРИМОВ. Браво! (қыздың қолын алады). Сізде құдай берген әдемілік пен талант нышандары мол, соны сақтаңыз. Бойға біткен талантты жоғалту — ел алдында жасалған қылмыс. Өйткені, табиғат жұрттың бәріне жомарт емес, бір елдің азғантай өкілдеріне таңдап шашады. Сол таңдап шашылған дарындылықты босқа өлтіруге ешкімнің хақысы жоқ. Өйткені, тән мен жан сіздікі болғанымен талант — халықтікі, ол саған елдің есебінен беріліп отыр. (Пауза. Каримов Перизаттың қолын босатар емес). Сонан соң, өзіңді-өзің асқақ ұстай біл. Талантқа көз құмар, талантқа тіл құмар. Бойға біткен қасиетті кез келгенге таптатпа. Әйелдегі асқақтық – тектіліктің белгісі, ұлттың намысы. (пауза). Өнер адамына, әсіресе, актрисаға сөз үйір. Өздері жығылып жатса да өзге жұрт өнер адамының сүрінгенін сөз етеді, өйткені біздің өміріміз жұрттың алақанында. Мәселен, сіз аты шулы актриса болдыңыз делік…

ПЕРИЗАТ. Айтқаныңыз келсін!..

КАРИМОВ. Міне, сол кезде жұрт сізді әңгіме етуге үйір болады. Өйткені, адам білмейтін қайдағы біреуді сөз ету кімге қызық, ал сіз туралы айтса — басқалар елең ете түседі. Актриса болу — азап, қазақ актрисасы болу одан да өткен тозақ. Осындай азаптарға дайынсыз ба?

ПЕРИЗАТ. Азаптар мен тозақтардың бәріне дайынмын! Маған ең қымбаты — сахна, роль. Басқасында шаруам жоқ!

САТАНОВ (жеңіл ирониямен). Сапар Каримович, егер сіз екі сөзден тұратын есімі бар қызды әрі құттықтап, әрі қоштасып болсаңыз мен жүре берейін. Рұқсат па? Каримов сол кезде барып сәл ыңғайсызданған кейіпте Перизаттың қолын босатады.

КАРИМОВ. Ә… иә… иә! Сен аэропортқа асығып отыр едің-ау. Жүре бер! Ректорға Сарсенова екеуміз есеп берерміз. Сатанов сағатына қарайды да телефонға келіп оның құлағын бұрай бастайды. Сарсенова қағаздарды жинастыруға кіріседі.

КАРИМОВ (Перизатқа). Айтпақшы, сіз қайда тұрып жатырсыз? Жатақханада ма?

ПЕРИЗАТ. Жоқ. Қала сыртында өз үйіміз бар.

КАРИМОВ. Айып болмаса, мен сізбен тағы бірер сағат бірге болсам деп едім. Сатанов аппарат дискісін әлі бұрауда. САТАНОВ. Түһ, құрғыр, анықтама бюросына телефон соғудан азап жоқ, ылғи «занят!» Тағы бұрауға кіріседі. Сарсенова мына көріністерге іштей ызаланып, аудиторияда арлы-берлі жүре бастайды. Ешкімге кедергі келтірмейтін дауыспен ыңылдап әндетуге көшеді.

ПЕРИЗАТ. Біздің үйдің есігі сіз сияқты кісіге әрқашан ашық! Міне адрес! (оған тілдей қағаз жазып береді).

САТАНОВ (қызғанышпен). Сіздің қолыңыз тимейді ғой, Сапар Каримович! Қаптаған қоғамдық жұмыстарыңыз бар, дәрігерлер белгілеген толып жатқан процедураларыңызға бармасаңыз тағы болмайды. Денсаулықты күту керек қой.

КАРИМОВ (ащылау үнмен). Біздің ұрпақ денсаулықты күтіп үйренбеген, доцент жолдас!

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31