АНАСЫН АҢСАҒАН ҚЫЗ

Саусағына тікен кірсе он күн бюллетень сұрайтын мына сендерсіңдер.

САРСЕНОВА. Біз бүгін ректорға барамыз ба, әлде осында түнейміз бе?

КАРИМОВ (Ол Перизатқа визиткасын ұсынады). Кез келген уақытта, кез келген мәселе бойынша хабарласып тұруыңызға рұқсат.

ПЕРИЗАТ (визиткаға үңіліп). Ой, көп рахмет! Доктор, профессор, мүше-корреспондент, завкафедра! Құдай сақтасын! Менің басым айналып барады. Бір адамда осыншама атақ! (Күліп) Сіз — мен көріп тұрған алғашқы тірі докторсыз. Әуелгінде мен сізді әшейін жүрген шал екен деп ойлап қалғам.

КАРИМОВ. (Намыстанған раймен). Емтихан алатын жерде әшейін шалдар жүрмейді, көгершінім.

САРСЕНОВА (астармен). Үлкен қалаларда шалдар болмайды, ағалар ғана болады.

ПЕРИЗАТ. Солай ма? Мен оны қайдан білейін. Біздің ауылда қырық бестен асқасын еркектер намаз оқи бастайтын.

КАРИМОВ. Сізді кешіруге болады. Өйткені сізге бәрі жарасады. Ал, сау болыңыз!

ПЕРИЗАТ. Сау болыңыз! (Профессормен қол алып қоштасады). Енді менің тағдырым не болмақ?

КАРИМОВ. Білмедік. Бүгін ректормен сөйлесіп көрерміз. Хабарласып тұрыңыз. Сатанов ақыры аэропортпен жалғасады.

САТАНОВ. Алло! Ленинградтан шыққан 42-17 рейсі бүгін уақтылы ма? Не-ме-не? Келіп қонды? Қашан? Бір сағат бұрын? Қалайша? Ойбай-ау расписание бойынша ол енді ғана қонуы керек қой. Ерекше жағдайға байланысты уақтысынан бір сағат бұрын келді дейсіз бе? Не дейді, құдай-ау! Жарайды, рахмет! (жұртқа) Мына масқараны қараңыз! Самолет уақытысынан бір сағат бұрын кеп қоныпты! Азаматтық авиацияда бұрын-соңды болып көрмеген оқиға. Сол оқиға маған тап болды!

ПЕРИЗАТ. Апай сау болыңыз! Ағай (Сатановқа) сіз де сау болыңыз!

САТАНОВ (қолын сілтеп). Жарайды, жарайды! Болары болғанда ағай дей қапты ғой. Сау бол! Қырсық қыз! (Бидонын қолына алып) Аэропортқа барсам ба екен, бармай-ақ қойсам ба екен?

ПЕРИЗАТ. Мұндай нәрсе басымнан өтіп көрген жоқ, сондықтан білмеймін.

САТАНОВ. Мен оны сізден сұрап тұрған жоқпын! Перизат шығуға беттейді. — Айтпақшы, сіз қай совхозда тұрасыз?

ПЕРИЗАТ. «Қызыл аймақ» деген совхозда.

САТАНОВ. «Қызыл аймақ!» Солай деп те ат қояды екен-ау! Немене, тұрған жерлеріңіз қып-қызыл ма?

ПЕРИЗАТ. Қызыл емес, жап-жасыл!

САТАНОВ. Неге оны «қызыл» деп қойған?

ПЕРИЗАТ. Мен ол кезде жоқ болатынмын, сондықтан білмеймін.

САТАНОВ. Ұмытпасам, ол аэропорт жақта емес пе?

ПЕРИЗАТ. Иә. Ар жағында.

САТАНОВ (ойланып). Бәлкім, бірге кетерміз. Менің әйелім мен бала-шағам әлі күнге дейін күтіп отыруы мүмкін ғой.

ПЕРИЗАТ (кекесінмен). Әлбетте! Мен болсам таңға шейін күтер ем.

САТАНОВ (риза боп). Рахмет! Ендеше, менімен бірге жүріңіз.

ПЕРИЗАТ. Өте жақсы. Сіз жұбайыңызда қаласыз, мен автобусқа отырып ары қарай үйіме кетемін. Олар шығып кетеді. Каримов әлдеқалай сезім құшағында көзілдірігін сүртіп тұрып қалады. Қасына Сарсенова келеді.

САРСЕНОВА. Әлгі қыз сізге ұнап қалды-ау деймін.

КАРИМОВ (өзіне-өзі келғендей). Әрине! Мұндай қыздар қазір сиреп барады ғой. Жоқ қой!

САРСЕНОВА. Иә, солай!.. Жүріңіз, бізді ректор көптен күтіп қалған шығар. Сарсенова оны қолтығынан ұстайды. Олар шығып кетеді.

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31