***
Ректордың кабинеті. Ол керітартпа ескінің адамы. Өнер деп жүрген ол жоқ. «Қайта құру» дегенді ең көп айтып, бірақ, оны ең аз орындайтын, немесе мүлде орындамайтын адам — осы. Оны мына тірліктерінен анық көруге болады. Каримов пен Сарсенова осында. Олар ректор Айбасовтың алдында тікелерінен тік тұр.
АЙБАСОВ. Сөйтіп, Самрукова дейтін бір дарын шықты дейсіңдер! Ол жауап күтпестен кабинетте ерсілі-қарсылы жүріп кетеді. — Сөйтіп, документі қабылданбаған қыздан емтихан алдық дейсіңдер! Ол сөйлеген кезде олардың қарсы алдына кеп тоқтайды да, сөйлеп болған соң кілт жүріп кетеді.
АЙБАСОВ. Сөйтіп, ол қыз өз бетімен «бес» алды деп отырсыз.
КАРИМОВ. Иә. Бізге керегі де сондай абитуриенттер.
САРСЕНОВА. Мен Сапар Каримовичке мұның бәрінің заңсыз екенін ескерткем.
АЙБАСОВ. Ал сіз (Каримовке) сонда да тыңдамадыңыз?
КАРИМОВ. Енді қалай? Ол қыз жанып тұрған актриса! Талант!
АЙБАСОВ. Мен сізге қалай түсіндірсем екен. Сарсенова жолдастың айтуынша ол қыз өткен жылы СССР тарихынан өте нашар тапсырған.
САРСЕНОВА. Иә. Тарихшылардың айтуына қарағанда ол қыз Нарва түбіндегі шайқастың қай сағатта басталып, қай сағатта біткенін де білмейді екен.
АЙБАСОВ. Көрдіңіз бе? Бұл деген масқара ғой!
КАРИМОВ. Иә, масқара. Бірақ, осы сұрақты Ульяновқа қойып көрсе қайтер еді? Айбасов айбарланып шыға келеді.
АЙБАСОВ. Сіз… Сіз… ұлы көсемнің атын бұл жерге араластырмаңыз, жолдас Ка-ри-мов!
САРСЕНОВА. Менімше, бұ кісі Михаил Ульяновты айтып тұр.
АЙБАСОВ. Ол қайда істеуші еді?
САРСЕНОВА. Вахтангов театрының актері. Москва сахнасында қазақ Едігенің образын жасап дүниеге әйгілі болған.
АЙБАСОВ (Каримовке). Оны сіз жұмбақтамай бірден неге ашып айтпайсыз? Қазір демократия мен жариялылықтың заманы. Әр нәрсені өз атымен атау керек! Ал, Николай Улья… — туһ, оған басқа фамилия жетпей қалып па еді сонша? — Иә, сол Андрей Ульяновқа әлгі сұрақты қойып көрдіңіз. Сонымен не айтпақсыз?
КАРИМОВ. Сол Николай-Андрей Ульяновты театрдан шығарып тастау керек шығар деп тұрмын. Өйткені, Нарва түбіндегі шайқастың қай сағатта басталып, қай сағатта біткенін білу былай тұрсын, есітуімше, ондай шайқасты ол білмейтін де болуы керек.
АЙБАСОВ. Білмесе өзінің соры! Бір күні болмаса бір күні соның сазайын тартады!
КАРИМОВ. Ал, менімше, Октябрь революциясының немен біткенін білмейтін адамнан да ұлы актер шығуы мүмкін.
АЙБАСОВ. (оған қарап басын шайқады). Профессор жолдас, сіз қайта құру кезінде өмір сүріп жүргеніңізге қуаныңыз. Баяғыда болса (Алқымын кесіп)… ана жақтан бір-ақ шығатын адамсыз. (Ашуланып). Осы демократия адамдарды жүгенсіз жібермесе болғаны. Ойына келгенін істеп, аузына келгенін оттайтындар көбейіп барады. Әнеукүні, зооветте зам. декан боп істейтін Иван Захаров дейтін бұрынғы алкаш бар еді, сол келіп. «егер мен Бас секретарь
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31