АНАСЫН АҢСАҒАН ҚЫЗ

Focus Mode

Үйде ешкім жоқ па еді?

ПЕРИЗАТ. Әлгінде ешкім жоқ болатын.

КАРИМОВ (оны иығынан құшақтап). Қорықпа, ол біздің мұнда екенімізді білмейтін сияқты. Үйдегі адамның әлденелерді аударыстырып қарап жүргені білінеді. Терезе тұсына келгенде оның сұлбасы анық көрінеді.

ПЕРИЗАТ. Мәссаға-ан! Мынау… Самат қой!.. Дені сау ма, мұнысы несі? К

АРИМОВ. Ол кім?

ПЕРИЗАТ. Осы үйдің… Ой, мен не деп кеттім? Ол Самат — менің… ағам. Әжемді кеше ғана Ыстық көлге алып кеткен. Перизат сол жаққа бармақ боп ұмтылады.

КАРИМОВ. Ол сізді іздеп жүр…

ПЕРИЗАТ (үрейлене қарап). Солай ма?.. Шынымен бе?.. Ой, неткен сұмдық!.. Әні, ол бері шығып келеді! (Перизат Каримовке тығыла түседі).

КАРИМОВ. Егер ағаңыз болса одан неге қорқасыз?

ПЕРИЗАТ (мүдіріп). Кейде ол… ішіп келеді. Мас болса оның қасына жоламаған жақсы. Самат екеуіне қарай жүреді.

ПЕРИЗАТ. Сізді көрсе айғай шығарып, көршілердің алдында ұятқа қалдыруы мүмкін. Бақтың ана шетіне барып тығылайық. Олар ығысып, бақтың басқа бұрышына барып бой тасалайды. Самат олар отырған сәкіге жақындайды. Мұнда біреулердің болғанын сезіп, жан-жағына қарайды. Сонан соң сәкі үстінде жатқан алма бұтағын көріп, оны қолына алып, алманың бәрін сыпырып алады да сөмкесіне салады. Бұтақты шарбақтан асырып, көршілерге қарай лақтырып жіберіп еді, ол жақтан әлдекімнің баж еткен даусы естілді. Келесі сәтте еңгезердей еркек шарбақтан мойнын созып ішке үңілді.

КӨРШІ. Бұл не деген бейбастақтық! Қоқыстарыңды бізге неге лақтырасыңдар ?

САМАТ. Ол қоқыс емес, бұтақ.

КӨРШІ. Ол қоқыс емес бұтақ болса неге өз қораңда жата бермейді? Ол дәл басыма кеп тиді.

САМАТ. Слушай, бір тұтам бұтақ мойныңды жұлып кетпеген шығар, әйтпесе бүйтіп сөйлеп тұрмас едің ғой. Дәл сол кезде соның астына бара қалған өзіңнен де кінә бар.

КӨРШІ (Бұтақты қолына алып). Мен ауламды айнадай ғып таза ұстап отырсам сендер кеп кір-қоқыстарыңды лақтырасыңдар! Милиция шақырам! Мынаны айғақ қып көрсетем! Сендерді бұл жерден көшіріп жібермесем атым басқа болсын, білдің бе? Ал, көр де тұр осыдан!

САМАТ. Жоғал! (Ол оған қарай тұра ұмтылып еді, анау шарбақтың ар жағына сүңгіп лезде ғайып болды). Сонда мен қарап қалады екенмін ғой. Өңкей саудагерлер!

КӨРШІНІҢ ДАУЫСЫ. Өзің саудагер! Бұрын жасырын сауда жасаушы едің, енді бес жерден шашлық сататын лавка ашып елді ашықтан-ашық, алдауға көштің. Көрермін бәлем, күні ертең өзім-ақ ұстап беріп, көзіңе көк шыбын үймелетермін-ау!

САМАТ. Ей, өшіресің бе үніңді, жоқ па? Егер қазір асығып бара жатпасам, мойныңды бар ғой, дәл мына алманың сабағындай жұлып ап (бұтақтан бір алманы жұлып алады) ауланың сыртына қарай, міне, былайша лақтырып жіберер ем (оның ауласына алма лақтырады). Амал не, уақытым болмай барады.

КӨРШІНІҢ ДАУЫСЫ. Ах, оңбаған! Қайтып келерсің, сонда сөйлесерміз еркектерше! Бері қарай бес-алты

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31