АНАСЫН АҢСАҒАН ҚЫЗ

КАРИМОВ (өзгелерге қарап қойып). Өте қуаныштымыз. Ал, екі сөздің қосындысы болғандығыңыз үшін қазір біздің не істеуіміз керек?

ПЕРИЗАТ. Не істімегені қалай? Менен емтихан аласыздар.

САРСЕНОВА. Ал әйтпесе!..

САТАНОВ. Мынау естімеген жаңалық екен!

ПЕРИЗАТ. Автобустан түсе салып осылай қарай ұштым ғой. Жүгіріп келе жатып «құрыған шығармын» деп ойладым. Емтиханнан құласам бір сәрі, кешігіп қалғандықтан жолың болмау деген қандай өкінішті. Ал, отырыңыздар! Ол айнаға қарап өзін ретке келтіре бастайды. Мұғалімдер бір-біріне қарап әлі тұр.

ЛАБОРАНТКА. Сіздің… фамилияңыз кім?

ПЕРИЗАТ (айнаға қарап тұрып, шпилькасын аузынан алмай). Самрукова. Самұрық деген аңыздағы алып құс бар ғой, содан шыққан. Лаборантка тізімнен оның фамилиясын іздейді.

ПЕРИЗАТ. Менің фамилиямды іздеп жатырсыз ба?

ЛАБОРАНТКА. Иә. ПЕРИЗАТ. Әуре болмаңыз. Мен әлі документ тапсырған жоқпын. Жұрт гу ете түседі. Кейбіреулер қарқылдап тұрып күледі.

САТАНОВ. Неге? Документ тапсыруға уақытыңыз болмады ма?

ПЕРИЗАТ. Алмай қойды. Міне, мына қыз. (Лаборантты көрсетіп).

КАРИМОВ. Себеп?

ЛАБОРАНТКА. Бұл қыздың жасы жиырма төртте. Ал біз жиырмаға жетпеген қыздарды алуға тырысамыз.

ПЕРИЗАТ. Қанша тырыссаңыз сонша тырыса беріңіз, ал совет заңы бойынша отыз беске дейін алуларыңыз керек.

ЛАБОРАНТКА. Онда СХИ-ға, не зооветке барыңыз.

САРСЕНОВА. Жарқыным, осы сен бізге былтыр да келдің ғой деймін.

ПЕРИЗАТ. Былтыр ғана емес, алдыңғы жылы, оның алдыңғы жыл, және оның алдыңғы жылы да келгенмін.

САРСЕНОВА. Ал, қалған жылдары қайда жүрдіңіз?

ПЕРИЗАТ. Сіздерге соны білу өте қажет пе? Жүрдім жүру керек болғасын.

КАРИМОВ. Енді сол күйі жүре берсеңіз болмас па еді?

ПЕРИЗАТ. Жоқ, болмайды екен. Менде талант бар. (Жұрт тағы гу ете қалады.)

КАРИМОВ. Жарқыным, біз сізден емтихан алмаймыз.

ПЕРИЗАТ. Неге?

КАРИМОВ. Сол. Сіз кешігіп қалдыңыз!

САТАНОВ.(сағатына қарап). Біз ерігіп отырғанымыз жоқ, бикеш! Бос сөзді көпке созбаңыз!

ПЕРИЗАТ (оған жақындайды). Сіз қайда асығып тұрсыз, аса мәдениетті жігіт? (бидондарына қарайды). Мыналарыңыз не? Абитуриенттердің көз жасы ма?

САТАНОВ (шытынау). Сіз… немене? Сізге кім право берді мұғалімдермен бұлай сөйлесуге? Көргенсіздік қой бұл, барып тұрған көргенсіздік!

САРСЕНОВА. Сіңілім, ақыры кешіккен екенсің, келесі жылы келе ғой. Сол кезде бірінші боп тапсырарсың. Олар шығуга беттейді. Перизат жүгіріп кеп Каримовтың алдын кес-кестейді.

ПЕРИЗАТ. Өтінемін, өтінемін. менен емтихан қабылдаңыздаршы. Бұл жолы оқуға түспей қайтсам әке-шешем енді жібермейді. Шешем қатал адам, ол менің мына шашымды біртіндеп тұрып жұлады!

КАРИМОВ. Соны біле тұра қала сыртына қыдырып кеттіңіз бе?

ПЕРИЗАТ. Мен өзім сонда тұрам.

САРСЕНОВА. Сапар Каримович, әрбір абитуриентпен бұлай тәжікелесіп тұра беретін болсақ күн шығып таң атпайды ғой. Сіңілім, жолдан былай тұрыңыз!

ПЕРИЗАТ. Құдай үшін, бір жолға кешіріңіздерші! Мен қыдырып жүрген жоқпын, бір күтпеген жағдай боп қалды. Машинаның екі бірдей балоны бірінен соң бірі тарс-тарс

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31