АНАСЫН АҢСАҒАН ҚЫЗ

Каримовке жақындайды. — Жоқ! Мен күресемін! Оларға оңай берілуге болмайды!

КАРИМОВ (қуанып). Міне, нағыз сөзді енді айттыңыз, Перизат!

ПЕРИЗАТ. Олардың еркіне салсаң осы шындықтың бәрі жабулы күйінде қалуы мүмкін. Мен оны жария етемін! Ал, бастаңыз. Сапар аға! (оған қолын созады).

КАРИМОВ (оның қолынан сүйіп). Бүгін ғажайып түн болды, Перизат! Бұл –менің өмірімдегі ең бақытты түн!

ПЕРИЗАТ. Иә, дұрыс айтасыз. Мен үшін де бұл түн — бақытты түн болды! Жақсы адамдардың бәрі кемеге отырып басқа жаққа ауып кеткен шығар деп жүрсем, сіз сияқты адамдар да қалған екен. Жүріңіз, қалаға апаратын үлкен жолға шығайық! Олар қол ұстасып шығып кетеді. Сахна ұзақ уақыт бос тұрады. Үйдің есік-терезесі мен ауланың қақпасы ашық-шашық күйінде қала береді.

Соңы

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31