АНАСЫН АҢСАҒАН ҚЫЗ

қамымен күнделікті тіршілігін жалғастыра беріпті. Сол елдің ханы Ханзада батырды жау келгенде ғана есіне алып, жау кеткен соң ұмытып сала береді екен. Осындай бір үлкен жаугершілікте Қазығұрт бастаған қол тағы бір ерен жеңіске жетіпті. Ханзада хан ұлан асыр той жасап, тойға Қазығұртты шақыруды ұмытып кетіпті. Ханның отыз ұлы бар екен. Жеңіс тойының барлық бәйгесі соларға тиіпті. Ханның отыз ұлы Қазығұрттың қарапайымдылығын пайдаланып, жеңіс бәйгесін осылайша бұрыннан иемденіп келеді екен. Қазығұрттың той кезінде ылғи да ескерусіз қалатынын байқаған халық наразылық білдіре бастапты. Отыз ұлдың ішіндегі ерке өскен Айбарша Қазығұртты ұнатады екен. Қазығұрттың тойда болмағанына ол да налып, көңілсіз жүреді. Сонда хан тұрып «Қазығұртты алдырыңдар!» — деп әмір еттіпті.

* * *

Бізге таныс кейіпкерлер көрінеді. Хан – Айбасов, Періште – Каримов, Нөкер – Сатанов, Хан ұлдары – Самат, Садат, Көрші еркек, Айбарша – Перизат. Нөкер ханға қайта келеді.

НӨКЕР. Алдияр тақсыр, Қазығұрт тойға келуден бас тартты.

ХАН. Ол неге бас тартады?

НӨКЕР. Тойшылап жүретін уақытым жоқ, жетім қалған іні-қарындастарыма там салып жатырмын дейді.

ХАН. Солай де. Уақытым жоқ дейді де.

НӨКЕР. Иә, Хан ием, сендерге ұқсап ерігетін мен емес дейді.

ХАН. Жеңіс тойына келуден бас тартса, ойында бір арамдық болғаны ғой.

НӨКЕР. Дәл айтасыз, хан ием. Күндердің күнінде ол сізге қарсы шығып, тағыңызды тартып алмасын. Ол өз іні-қарындастарына қосып, қайдағы бір қаңғыбастар мен панасыз балаларды бекер бағып отырған жоқ. Күндердің күнінде олар өзімізге қылыш көтеріп шығуы мүмкін.

ХАН (селт етіп). Бұл хабарды сен жақсы айттың нөкерім. Өзім де әлденеден сезіктеніп жүр едім.

НӨКЕР. Оның үстіне, отыз ұлдың ішінде ерке өскен жалғыз қызыңыз Айбарша Қазығұртпен түн жарымы ауа құпия кездесіп тұрады екен.

ХАН. Жап аузыңды, көк мылжың! (оны теуіп құлатып, алқымына аяғын қояды) Оны сен қайдан естіп жүрсің?

НӨКЕР. Естіген жоқпын, алдыңгүні өз көзіммен көрдім, хан ием.

ХАН. Өтірік болса мойныңа тас байлап Қошқар-атаның мұздай суына лақтырып, жіберем!

НӨКЕР (қойнынан орамал алып). Міне, мынау – таң атып қалған соң асығып жүгіріп бара жатқан Айбаршаның шеңгелге ілініп қалған орамалы.

ХАН (оны босатады). Шақырыңдар Айбаршаны! Айбарша кіреді.

АЙБАРША. Жай шақырдыңыз ба мені, көке.

ХАН. Мына орамал сенікі ме, қызым?

АЙБАРША. Иә-ә… Менікі… Бұл қайдан жүр?

НӨКЕР. Шеңгелдің басынан тауып алдық, ханшайым.

АЙБАРША. Менің әкемнің нөкерлері қашаннан бері шеңгелдің арасында жүретін болған?

НӨКЕР. Қырғауыл атуға барған еді, ханшайым.

ХАН (ол қызының бетіне қарамай, ылғи да қырын тұрып сөйлейді). Хан тұқымы екеніңді былай қойғанда, отыз ұлдың ортасында бетіңе жел тимей өскен қыз екеніңді ұмытпа, балам (ол ешқандай ашусыз, орамалды қиқалап жыртады).

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31