Белгілі жазушы-драматург Дулат Исабеков журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат берді. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Жазушы сұхбат барысында руға бөліну туралы айтып өтті.
“Руға бөліну Құдайдың бізге жіберген қасіреті ме, кеселі ме?! Қазір руды биліктің бір сыбағасы ретінде қабылдайтын болдық. Сол рудың адамы болатын болсаң, жағдайың да бәрі жақсы болады. Қазір тіпті балабақшаның өзінде ру сұрасатын болыпты. Тәуелсіздік алдық деп қуанып едік, енді рушыл болып алдық. “Қазақ жалқау, қазақ мақтаншақ”, — десең “Иә” — деп отыра береді. Ал егерде қандай да бір руды солай айтсаң, орындарынан атып тұрып, төбелесіп кетеді. Рудың намысы, ұлттың намысынан биік болған заманға келіп тұрмыз. Мен президент болсам, кімде кім руға бөлінеді, облыс әкімі руына жақынды жұмысқа тартады, мен соларды жазалар едім”, — деді жазушы.
https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/rugha-bolinu-qudajjdyng-bizge-zhibergen-qasireti-me-dulat-isabekov-291039/