— Қаңтарда болған оқиға елде тек қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелер ғана емес, әдебиет пен мәдениеттің де ықпалы аз, сөзі өтімсіз екенін байқатты. Кешегі оқиға қоғамның рухани деңгейін де көрсетті ғой. — Неге осындай заманда оқиға соңы бүліншілікке апарды? Өйткені біздің көп жастарымыз жұмыссыз, үй-күйі жоқ, қаңғып жүр. Сосын билікке әбден ызалы бола түсті. Олар кез келген шенеунікті аямай жазалайтындай көңіл- күйде болды. Сол ашу-ыза қиратушылыққа алып барды. 2030 жылы озған елдің қатарында боламыз деп ек, тозған елдің қатарынан бір-ақ шықтық. Біздің түбімізге жеткен мақтан. Мақтана-мақтана ақыры елді кедейшілікке апарып тіредік. Барлық проблема жылдар бойы қордаланып келді де жалғыз күнде бұрқ етті. Мұның негізгі себебінің бірі – идеология жоқ. Ал негізгі идеология – әдебиет болуы керек. Қазақ – құлақтың халқы. Ежелден сөз тыңдаған халық. Сол әдебиетпен ауызданып, құлақтанды. Бұрын кітап оқитын адам көп еді. Қазір кітап оқымайтын адамдар көшеде толып кетті. Егер олар кітап оқыған болса, тіпті қазақ әдебиетінің өзінен біршама оқығаны бар адам ондай бұзақылыққа бармайды. Ал әдебиетті оқымаған адам сауатсыз. Сауатсыз адам надандыққа, жабайлыққа тез бой алдырады. Баяғыда Ресей Шешенстанға соғыс ашқанда Евтушенконың жазған мақаласы есіме түседі. Сонда ол: «Орыс офицерлері әдебиетті оқымаған. Егер олар Толстойдың «Қажымұратын» оқығанда Шешенстанмен соғыспас еді» деп жазды. Сол сияқты біздің жастарымыз әдебиетті оқып өскенде мұндай бұзақылыққа бармас еді. Кітап оқудың күрт азайып кетуінен біздің рухани сауатсыздығымыз басталды. Рухани сауатсыздық осыған әкеп тіреді. Егер оның бәрі оқыған, білімді адам болса, оған бармас еді. Түп себебі – осында жатыр. Идеологияның бастауы – ұлттық әдебиет болу керектігін ескермедік. Тоқаев жаңа Қазақстан деген сөз айтты. Бәріміздің соған көңіліміз ауып, қолдап отырмыз. Өйткені соның кейбір алғышартын жүзеге асыруға кірісті. Атап айтса да болады: Қорғас ісі, Самұрық Қазына, утильалым, «Алтын Орда» базарын тарқату сынды істер бар. «Назарбаев өкілеттіліктерінің бәрінен айырылды» деп шетел телеарналарының бәрі берді. Қандай өкілеттері екенін білмеймін. Енді осылай бастап, төңірегін тазалап жатыр. Бәрін бір күнде бітіре алмайды. Енді біз төл мәдениетімізді, төл әдебиетімізді халыққа жақындататын амалды ойластыруымыз керек. Бұл істе шетелдің тәжірбиесін пайдалануымыз қажет. — Осыған дейін әлеуметтік желілерде, баспасөзде қаңтар оқиғасына, елдегі мәселелерге өз ойыңызды ашық айттыңыз. Мәселен, кеше nege.kz сайтына сұхбат беріп, президенттің жасап жатқан өзгерістерін қолдайтыныңызды айтып, сынап та алыпсыз. — Қаңтар оқиғасы елімізде кеңінен орын алды. Керек болса, қантөгіске дейін бардық. Бұған дейінгі мақалаларымда ащы болса да шындықты айттым. Бірақ ғайбат сөйлеген сөз кеткен жоқ. Nege.kz-тен келіп, жалынып қоймады. Әуелі Ерлан Қаринмен сөйлесіп алайын, сосын барып сендерге сұхбат берейін дедім. Сөйтіп сұхбат бердім. Онда да «Достық үйінде» дүйім жұрттың алдында, Ерлан
Дулат Исабеков: Тоқаевтың Жаңа Қазақстан туралы сөзін қолдап отырмыз
Posted by admin on Окт 10th, 2023 in Рассказы