ЖАЗУШЫ ДУЛАТ ИСАБЕКОВ АҚСАҚАЛДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Арыс қаласының тумасы, қазақ және әлем әдебиеті мен мәдениетіне өзіндік өрнек салған дара дарын иесі жазушы, драматург Дулат Исабеков туған жері — Арысқа ат басын бұрып, мерейтой қарсаңында ауылдастарыменкездесті.

«Ардагерлер орталығында» өткен кездесуге Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова мен әкімдік аппаратының өкілдері, қалалық ардагерлер ұйымы мен «Әжелер алқасының» мүшелері және бір топ арыстық оқырман қатысты.

«БӨРТЕ БАТЫСТЫ ЖАУЛАЙДЫ»

Абыз ақсақал Дулат Исабеков пен ауылдастарының кездесуі емен-жарқын әңгімемен өрілді. Әлем мен ауылдың арасында жүріп өткен жолының алғашқы баспалдағы осы Арыс атырабынан бастау алатындығын тебірене еске алған ол бастан өткерген естеліктерімен бөлісті.

Айта кетейік, санаулы күн бұрын Түркістан музыкалық драма театрында Дулат Исабековтың «Бөрте» спектаклінің премьерасы болып өтті. Автор аз уақытта әлемге әйгілі болған шығарманың жазылуына қатысты қызықты деректерді баяндады.

Ал қала әкімі Гүлжан Құрманбекова туған жерге арнайы келген Дулат Исабековке алғыс айта отырып, арыстық ардагерлер атынан иығына шапан жапты. Төрт-бес жыл бойғы үздіксіз ізденістен кейін «Бөрте» пьесасын өмірге әкелген қаламгер – күні кеше көптен күткен айтулы туындының премьерасы Түркістан театрында шымылдық ашқан соң, арқасынан жүк түскендей шабыттана сөйледі.

Дулат Исабеков, жазушы-драматург, ҚР мемлекеттік сыйлықтың иегері:

— Бұрын туған жерім Арысқа ат басын бұрып келгенімде «Дулат інім» деп әңгімелесетін ағалар болушы еді, қазір олардың қатары сиреген. Осы күні өзімді «ата» деп қарсы алушылар көбейді. Маған «әй, бала» деп сөйлейтін бір ғана адам қалды, ол халық жазушысы, 98 жастағы Әбдіжәміл Нұрпейісов. Телефон соғып «әй, бала, халың қалай?» деп аракідік жағдайымды сұрап тұрады. Мен «тапқан екенсіз, 79-дағы баланы» деп күлемін…

Кеше премьерасы өткен «Бөрте» пьесасының қолжазбасын алғаш оқып, баға берген жанның бірі Әбдіжәміл Нұрпейісов болды. «Әй, бала, жылаттың ғой!» деді. Оның осы жылы сөзінен кейін, шығарманың Әбекеңнің көңілінен шыққанын сездім. «Бөртені» жазып шығу көптен бері ойымда жүрген болатын. Біз Томиристі бір меншіктейміз, одан Ұмай ананы иеленеміз. Негізінен олардың бәрі қа­зақ емес. Бөрте – нағыз қазақтың қызы, «Моңғолдың құпия шежіресі» кітабында бұл жиі айтылады, кітапта қазақ деген сөз өріп жүр. Соның ішінде Бөрте — қоңырат руының қызы. Шыңғыс ханның әйе­лі. Ұлы қағанды ақылмен бас­қар­ған адам. Шыңғыс хан жер бетін жаулаған, қаһарлы қол­басшы болса да, Бөртенің ақы­лына тоқтаған. Жорықты жос­парлау кезінде қағанға қарсы пі­кір айтатын жалғыз адам болған. «Ба­тысқа тиіспе, шабуыл жасама!» деген сөзді де айтқан. Бөртенің төрт ұлы да ел билеуші әмірші, хан болып тақта отырды. Міне, осы уақытқа дейін Шыңғыс хан туралы өте көп тарихи дүниелер жазылғанмен, бірақ Бөрте жайлы мәлімет өте аз болып

Pages: 1 2 3